Арыстағы апатқа кінәлілер жазаланды

Арыстағы апатқа кінәлілер жазаланды

Арыстағы апатқа кінәлілер жазаланды
ашық дереккөзі
492
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылыстың орын алуына байланысты Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшылығына сөгіс жариялады. Мемлекет басшысының Арыстағы жары­лыс­қа орай кінәлілерді жазалауға арналған Өкімімен «қару-жарақ пен оқ-дәрілерді кө­шіру кезінде қауіпсіздік шараларының сақ­та­луын  қатаң бақылай алмағандығы үшін, со­ның салдарынан Арыс қаласында орна­лас­қан әскери бөлімшедегі қару-жарақтың жары­луына және қалада адам шығынының орын алуына, тұрғын үйлер мен түрлі ғимарат­тар­дың қирауына жол бергені үшін» бұрын Қазақ­стан Республикасы қорғаныс министрі болып қызмет атқарған Сәкен Әділханұлы Жасұзақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан  шығарылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қор­ға­ныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мұрат Кәрібайұлы Бек­тановқа, Қазақстан Республикасы Қорғаныс ми­нистрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып қызмет атқарған Мұрат Жәлелұлы Майкеевке, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып қызмет атқарған Талғат Жеңісұлы Жан­жү­меновке қатаң сөгіс жарияланды. P.S. Өткен айдың ортасында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Арыс оқиғасы арнайы сөз болып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жой­қын жарылысқа жол бергені үшін Нұр­лан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жария­лаған болатын. 2019 жылдың 24 маусымында Түркіс­тан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне қарасты әскери арсеналдардың бірінде оқ-дәрілер сақталған ғимараттан өрт шығып, ізінше болған жойқын жарылыс салдарынан кісі өлімі орын алып, қаладағы көптеген тұрғын үйлерге зиян келгенді.

Серіктес жаңалықтары