Қарағандыда бір жасар сәби шұңқырға құлап кетті

/
Қарағандыда бір жасар сәби шұңқырға құлап кетті
Видеодан скриншот

Құтқарушылар шұңқырға құлап кеткен баланы құтқарды, деп хабарлайды turkystan.kz. 

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданындағы Чайкина көшесінде тұрғын үйдің маңында бағана орнату үшін қазылған шұңқырға 2025 жылы туған бала құлап кеткен.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері баланы шұңқырдан алып шығып, анасына аман-есен тапсырды.

Әрі қарай тексеру үшін бала жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары