6 Тамыз, 15:45 347 0 Заң Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

  Өзбекстанда Facebook пен YouTube'ті бұғаттағандар түрмеде отыр

Өзбекстанда Facebook пен YouTube веб-ресурстарын бұғаттауға бұйрық бергендер қазір түрмеде отыр. Бұл туралы Ақпарат және бұқара коммуникация агенттігінің басшысы Комил Алламжанов видеоблогер Кирилл Альтманға берген сұхбатында мәлімдеді.

"Олар негатив көбейіп кетті деген оймен бұғат қойған. Олар Facebook пен YouTube'ті бұғаттау арқылы негативті азатуға болады деп ойлаған. Мен бұған келіспедім. Мен негативпен контраргументтер, контрфактілермен күресу керек екенін айттым", — деді Алламжанов.

Өзбекстанда биыл 19 ақпанда YouTube пен ВКонтакте қайта жұмыс істей бастады. Әлеуметтік желілер Өзбекстанда 2018 жылы қыркүйекте белгісіз себептермен бұғатталған. Көптеген өзбекстандықтар бұл сервистерге VPN арқылы кіруді үйренді.

Аталған сайттар неге бұғатталғаны туралы ресми ақпарат жарияланбады, бірақ шенеуніктер оны телекоммуникациялық құрылғыны қайта іске қосу және криптографикалық кілттерді алмастырумен байланыстыруға тырысқан.

Соңғы жаңалықтар