365
Бағдат Мәнзоров сүт зауытын аралады
Бағдат Мәнзоров сүт зауытын аралады
Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Сайланбайұлы Мәнзоров Алматы облысы Іле ауданында орналасқан “Danone Berkut” мекемесіне барып, зауыттың жай-күйімен танысты.
Бағдат Мәнзоров алғашқы сапарын Алматы облысының экономикалық күретамыры саналатын Іле ауданынан бастады. Іле ауданы бойынша 250 өнеркәсіп нысаны бар. Өнеркәсібі қатты дамыған, инвестиция және салық жағынан алдыңғы шептегі аймақтың бірі.
2019 жылдың 26 шілдесінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Сайланбайұлы Манзоров Алматы облысы Іле ауданында орналасқан Франция компаниясының «Danone» сүт өнімдерін шығаратын зауытына арнайы келіп, мекеменің қызметімен танысты. Бағдат Сайланбайұлы өндірістің тыныс-тіршілігін көріп, қызметкерлермен кездесті.
Іссапар барысында Бағдат Сайланбайұлы сүттен шығарылатын өнімнің сапасы мен зауыттың тазалығын жоғары бағалап, мекеме ұжымына игі тілектер айтты. Өз кезегінде Қазақстан, Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі Danone компаниясының корпоративтік байланыс жөніндегі директоры Дінмұхамед Айсаутов Алматы облысы әкімінің орынбасарына кәсіпкерлер мен жеке шаруашылық қожалықтарына әрдайым көрсетілетін қолдауы үшін алғысын білдірді. «Біз үшін жергілікті билік өкілдерінің көмегі өте маңызды. Әрқашанда кез келген сұрақтарға жауап алып, көмек-қолдауына алғыс айтамыз!» - деді Дінмұхамед Айсаутов,