Алматылықтарға ақысыз автотұрақшылар қызмет көрсетеді

Алматылықтарға ақысыз автотұрақшылар қызмет көрсетеді

Алматылықтарға ақысыз автотұрақшылар қызмет көрсетеді
ашық дереккөзі
266

Оңтүстік астанамызда тегін қызмет керсететін автотұрақшылар пайда болды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

20 қазанда Алматының көлік тұрағы инфрақұрылымын дамыту мәселесіне қатысты өткен жиында қала билігі 1 қарашадан бастап тротуарлық типтегі автотұрақтардың қызметіне тыйым салу туралы шешім қабылдаған болатын. Әкімшіліктің мұндай қадамға баруына салық төлеу кезінде заңбұзушылықтардың көптеп орын алуы  және келісімшарттағы міндеттердің орындалмауынан себеп болған. Бұл тыйымдар сауда орындарындағы, ойын-сауық орталықтары мен әуежай, вокзал және басқа да жер телімдерінде орналасқан автұрақтарға қойылып отыр.

2016 жылы Алматы қаласындағы Ақылы автотұрақтар жүйесі енгізілгенге дейін аталмыш тыйымның күші жойылмайды. Сондықтан Алматы әкімдігі жаңа жүйе қолданысқа берілгенше ақылы қызмет көрсететін автотұрақшыларға балама болатын тегін қызмет түрін ұсынып отыр."Жүргізушілердің назарына! Сіздерді "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС-ның арнайы нысан киімдеріне назар аударуыңызды сұраймыз. Қызметкерлердің басты мақсаты - қала бойынша көлік жүргізушілерге тегін көмек көрсетуі", – делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Қызметі үшін ақы алмайтын қызметкерлердің киімінде арнайы белгі, ұйымның атауы және "ақысыз" деген жазба бар. Оларды өзгелерден айыру аса қиындық тудырмайды.

Серіктес жаңалықтары