Сербиялық саяхатшы қазақстандықтарды адамның абзалы деп атады

Сербиялық саяхатшы қазақстандықтарды адамның абзалы деп атады

Сербиялық саяхатшы қазақстандықтарды адамның абзалы деп атады
ашық дереккөзі
153

Сербиядан Жапонияға қарай ұзақ сапарға шыққан велосаяхатшы Драган Шибалич қазақстандықтарды жолында кезіккен адамдардың ең абзалы деп деп атады.

 Ұзақ жолға 7 ай уақытын сарп еткен Драган осы уақыт ішінде 10 елді басып өткен. Велосаяхатшының айтуынша, оны ең жақсы қарсы алған – қазақстандықтар, ал көңілін қалдырған – моңғолиялықтар.  «Қазақстанда ең жақсы адамдар тұрады екен. Олар Сербия туралы біледі, өте қонақжай. Ал ең бір ауыртпалықты Моңғолияда өткердім, онда мені тонап кетті», – дейді Шибалич. Саяхаты барысында ол азық-түлік алу үшін күніне небәрі 15 доллар жұмсаған. Негізінен шатырларда түнеген немесе өзі атап өткендей, қазақстандықтар тәрізді аса қонақжай жандар күтіп алып, паналатқан.

Драган Шибалич маусым айында Астанаға үш күнге тоқтағанында Қазақстан астанасын туған күнімен құттықтаған еді. Ол сондай-ақ Павлодар, Ақтөбе, Қостанай қалаларында болды.

Сербиялық велосаяхатшы Оңтүстік Америкаға сапар шегіп, Олимпиада басталғанға дейін Рио-де-Жанейроға жетпек.

Серіктес жаңалықтары