Мақсат Сқақов: Идеологияның түпнұсқасы – тәрбие

Мақсат Сқақов: Идеологияның түпнұсқасы – тәрбие

Мақсат Сқақов: Идеологияның түпнұсқасы – тәрбие
ашық дереккөзі
1805
– Идеология – ең бірінші елдің бірлігі. Кез кел­ген идеологтың қамтамасыз ететін нәрсесі – елдің бірлігі мен тыныштығы. Осы екеуі болған жағдайда бәрін де жасай беруге болады. Мәселен, үйін­де ұрыс болған адамда береке бола ма? Сол сияқ­ты берекесіз елде де ешқандай тірлік жүрмейді, ол елге инвесторлар келмейді, ешкім ақша салмайды. Сондықтан идеологтардың ең бірінші шаруасы – елдің бейбітшілігі мен берекесін қамтамасыз ету. Бір-ақ ауыз сөзбен осылай айтуға болады. – Сіз бұған дейін Маңғыстау облысы әкімі орынбасары қызметін атқардыңыз ғой. Сонда нені басты ұстын етіп алдыңыз? – Кез келген нәрсенің өз шекарасы бар. Одан шыға алмайсың. Себебі ол – мемлекеттік қызмет. Бірақ идеологтарға жұмыс істеуге еш кедергі жоқ. Идеологияның түпнұсқасы – тәрбие. Тәрбие біз­ге ең алдымен тыныштық пен бейбітшілік арқылы келеді. Қарапайым ғана мысал. Отбасында үйдің идеологы – әйел. Барлық нәрсенің тігісін жатқызып отырған да сол. Ата мен ененің, күйеуінің, ағайын мен туған-туыстың арасын байланыстыратын әйел. Бұл ер азаматқа да байланысты. Кез келген адам идеолог болуы керек. Бұл белгілі бір мекемеге, лауазым иесіне қатысты емес. – Зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлерін әңгімеге тартсақ, «Бізде ұлттық идеология жоқ» деп шығады. Неге? – Әр түрлі пікір, әр түрлі көзқарас бар. Біреудің ойымен кейде келісеміз, кейде келіспейміз. Мысалы, өзі істемеген нәрсені жұрттан көретіндер көп. Мәселе – осында. Себебі идеология саласына еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қызмет етуі керек. Идеология неге жоқ? Қаншама дүние жасалып жатыр. Бәлкім, біз сол дүниені әсірелеп жіберіп, құнын түсіріп жібердік пе?!

Серіктес жаңалықтары