Осакада "Үлкен жиырмалық" саммиті басталды

 Осакада "Үлкен жиырмалық" саммиті басталды

 Осакада "Үлкен жиырмалық" саммиті басталды
ашық дереккөзі
511
28 маусымда Жапонияның Осака қаласында "Үлкен жиырмалық" - G20 саммиті ашылды. Шара екі күнге созылады. Оған әлемдік экономикаға ықпал ететін ірі мемлекеттердің лидерлері қатысады. G20 тобында АҚШ, Ресей, Франция, Қытай, Үндістан, Германия, Жапония және Мексика секілді елдер кіреді. Саммит барысында АҚШ және Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путин кездеседі деп күтіледі. Ресей президентінің өкілі тараптар аймақтық кикілжің мәселесін талқылайды деген. Атап айтқанда Украина, Сирия, Корей түбегі, Ауғанстан және Венесуэладағы жағдайды қарамақ. Ақ үйде Дональд Трамп та Владимир Путинмен кездесуді жоспарлап отырғанын айтқан. Былтыр Буэнос-Айресте өткен "Үлкен жиырмалық" саммитінде Трамп пен Путин кездеспеді. Оған Ресей басып алған Қырым жағалауында ресейлік шекарашылардың 24 украин теңізшісін ұстап алуы себеп болды. Украина теңізшілері әлі түрмеде отыр. Трамп пен Путин соңғы рет 2018 жылдың шілде айында Хельсинкиде кездесті. Тараптар кездесу жақсы өтті деп мәлімдеген. 2018 жылдың қараша айында Парижде Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын еске алу шарасы кезінде қысқа ғана сөйлескен.

Серіктес жаңалықтары