Кәсіби мерекелері қарсаңында дәрігерлер ұлықталды

Кәсіби мерекелері қарсаңында дәрігерлер ұлықталды

Кәсіби мерекелері қарсаңында дәрігерлер ұлықталды
ашық дереккөзі
Маусым айының үшінші жексенбісі ақ халатты абзал жандардың төл мерекесі ретінде аталып өтіп келеді. Айтулы мерекеге орай балалар денсаулығын нығайту жолында елеулі еңбек сіңіріп, денсаулық сақтау ісін дамытуға айырықша үлес қосып келе жатқан Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының бірқатар дәрігерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің   жоғары марапаттарына ие болды.  Атап айтқанда, ұзақ жылдан бері бар ғұмырын медицина саласына арнап келе жатқан Ғылым бөлімінің бас ғылыми қызметкері Валерий Кожанов (52 жыл), Ішкі аудит, менеджмент және сапа бөлімінің дәрігері Қалқаман Әбішева (41 жыл) «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.  width=         Консультативтік – диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі Альфия Назарова,  Клиникалық-диагностика зертханасының дәрігер зертханашы Гүлзат Батырханова, Функционалдық бөлімшесінің меңгерушісі Естай Нұрланов,  Ересек жастағы балаларға арналған жан сақтау және қарқынды емдеу бөлімшесінің мейіргері Бейбітгүл Шойбекова,  Ерте жастағы балаларға арналған гематология бөлімшесінің мейіргері  Бахытгул Әміржанова «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атанса, Хирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Ахпаров, Клиникалық-диагностика зертханасының зертханашы маманы Гүлбаршын Рысмендиева,  Құрылымдық бөлімшелерді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету  бөлімінің мейіргері Зина Қырғабақова, Әкімшілік – шаруашылық басқармасының басшысы Асхат Баймухамбетов «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі» төсбелгісімен марапатталып, құрметке бөленді.  width=      Балалар денсаулығын сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін берілген  Құрмет грамоталарымен Жедел андрология қамтылған урология бөлімшесінің уролог дәрігері Бауыржан Сакенов, Хирургия бөлімінің хирург дәрігері Кахриман Ахтаров, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар және медициналық статистика басқармасының дәрігер-әдіскері Сауле Нұртазаева, Жедел андрология қамтылған урология бөлімшесінің мейіргері Тазакуль Алтаева  марапатталып, ерен еңбектері бағаланды. ҚР Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін  Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен Нәрестелер анестезиологиясы және жан сақтау бөлімшесінің меңгерушісі Гүлбану Бердиярова, Онкология/гематология профиліндегі науқастарға арналған жан сақтау және қарқынды емдеу бөлімшесінің реаниматолог дәрігері Еділ Құрақбаев, Кардиоревматология бөлімшесінің аға мейіргері Айжан Пурманова, Операция блогының мейіргері Халидам Юсупова марапатталып, ерекше сый-құрметке бөленді. Барша марапат иелеріне құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары табысталды. Марапаттарды өз қолымен табыстаған орталық басшысы Риза Боранбаева барша дәрігерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді. Бүгінгі күні ғасырға жуық тарихы бар бірден-бір бірегей медициналық мекеме – Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында бала денсаулығын нығайту жолында 700-ден астам қызметкер аянбай еңбек етуде. Жылына клиникада республиканың әр түпкірінен 6000-нан аса бала ем алады. Тәуелсіздік алған жылдардан бері орталықта әлемдік стандарт сапасына сай жоғары медициналық технологиялар қолданылып келеді.  Клиникада жылына 2000-нан аса түрлі операциялар жасалынады. Шұғыл консультациялық көмек көрсету үшін орталықтың реаниматолог, кардиохирург, пульмонолог және т.б. мамандары еліміздің түрлі аймақтарына  ұшу сапарларын жасайды. Аймақтардағы жағдайы ауыр науқастарға жылына 300-ден астам телекеңестер беріледі. Орталық емдеу мекемесі ғана емес, педиатриялық қызметтерге арналған кадрлардың ұстаханасы, ҚР педиатрия қызметінің негізгі үйлестірушісі. «Педиатрия» және «Бала хирургиясы» саласы бойынша резиденттер осында оқытылады. Мамандардың біліктілігін арттыру да жолға қойылған. Жылына Қазақстан бойынша 1000-нан аса дәрігерлер оқытылады. Орталық инновациялық технологияларды және медицина ғылымының озық жетістіктерін қолдана отырып Қазақстандағы балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға сапалы медициналық қызмет көрсету және өңірлерде педиатриялық қызмет жұмысының іске асуын үйлестіру жұмыстарын абыроймен атқаруда. Адам жанының арашашысы – ақ халатты абзал жандардың еңбектерi қандай марапатқа болса да лайық. Өйткені, олар тыным таппастан адамзатқа қызмет етіп, өмір мен өлім тайталасына түскен жандарға, қаншама мың сәбилер мен балаларға жаңа өмір, жарық күн сыйлап, кішкентай «жүректердің» жанын сақтап, бала саулығы жолында аянбай қызмет етіп келеді.