"Қазақстан ЕАЭО-да флагман елге айналуы мүмкін"

"Қазақстан ЕАЭО-да флагман елге айналуы мүмкін"

"Қазақстан ЕАЭО-да флагман елге айналуы мүмкін"
ашық дереккөзі
279

Қазақстан ЕАЭО елдері арасында экономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға шығуы ықтимал. Бұл – Ресей Халықаралық істер жөніндегі Федерация кеңесінің өкілі Владимир Джабаровтың пікірі. Ресейлік сенатордың бұл пікірі негізсіз емес. Қазақстан табиғи байлығын тиімді пайдаланып отырғаны белгілі. Қазақстан бақуаттылық көрсеткіші бойынша одақтас елдерден асып түсіп, 56-шы орыннан көрінді. Жыл қорытындысы бойынша, Беларусь 10 позицияға төмендеп, 63-ші орынға табан тіреді. Украина 63-тен 70-ші орынға түсті. Ал Ресей, керісінше, өз позициясын 10 сатыға нығайтып, 58-ші орынға шыққан. Владимир Джабаровтың айтуынша, ұлттық валюта теңге девальвациясы Қазақстанның экономикасын тұралатқан жоқ, керісінше оң ықпал етті. "Қазақстанда экономика либералды түрде тиімді жұмыс істеп жатыр. Қазақстан - біздің Еуразиялық одақтағы ең жақын серіктесіміз. Біздің бірінші болғымыз келетіні түсінікті, бірақ серіктестердің үлгі болғаны да жаман емес. Қалай болғанда да, мұны қабылдауымыз керек. Қазақстанға Қытай мен батыстан көптеп инвестиция келіп жатыр. Егер Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта флагман елге айналса, бұл тек қуантарлық жайт", – деді ресейлік сенатор.

Серіктес жаңалықтары