Б.Сапарбаев: Ауылдықтарға несие беру шарттарын жеңілдету керек

Б.Сапарбаев: Ауылдықтарға несие беру шарттарын жеңілдету керек

Б.Сапарбаев: Ауылдықтарға несие беру шарттарын жеңілдету керек
ашық дереккөзі
252

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев банк басшыларымен кездесті. Бұл – әкімнің қаржыгерлермен екінші рет кездесуі. Бұған дейін төл мерекелерімен құттықтап, салтанатты жиынға қатысқан болатын. Ал бұл жолы өңір экономикасының түйткілдері талқыланды. Атап айтсақ, әкім экономиканы несиелендірудің 16 пайызға кемігенін, несие алуда әкімшілік кедергі мен қағазбастылықтың артқанын сынға алды. – Биылғы он айдың негізгі экономикалық-әлеуметтік көрсеткіші өткен жылдан төмен. Жалпы ішкі өнім 2014 жылмен салыстырғанда 105 пайызды құрады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында жылды 101,5 пайызбен аяқтаймыз деп уәде бердік. Ол үшін ең бірінші өндіріс өнімінің көлемін көбейту қажет. Өндіріс өнімі өткен жылмен салыстырғанда 3,8 пайызға төмен. Экономикаға инвестиция тарту 23, құрылыс 18 пайызға кеміді», – деді облыс әкімі Б.Сапарбаев. Өңір басшысының айтуынша, ауыл халқы банк талап еткен кепілдікті тауып беруге дәрменсіз. Сондықтан ол банк басшыларынан несие беру шарттарын оңтайландыруды сұрады.«Ережелерді сіздер емес, орталық бекітеді. Бірақ оған қосатын сіздердің де үлестеріңіз бар. Несие алатын адамдарға түсіндіру, көмектесу қажет. Ауылда үй, техника жаңа емес. Осыған көңіл бөлу керек. Екінші деңгейлі банктердің 14,5-16 пайыздық үстемеақымен несие беруі жоғары ставка болып табылады. Әсіресе, мемлекеттік субсидия алмайтын заңды тұлғаларға бұл қолжетімсіз несие болып қала бермек»,– деді Ақтөбе облысының әкімі.

Серіктес жаңалықтары