Жолбарыс жүрек, қыран көз

1992 жылдың 23 ақпанында арнайы вагонда этаппен әкеліне жатқан аса қауіпті қылмыскерлер Қызылорда облысының Шиелі стансасы алдындағы разъезде өздерін күзетіп келе жатқан 5 сарбазды ұрып жығып, қаруларын тартып алды.

Бес адамнан тұратын қашқындар (біреуі сол жерден қашып кеткен) жақын жердегі үлкен жолға шығып, Қызылорда – Сарыағаш бағытымен кетіп бара жатқан жолаушылар автобусын басып алып, 5 еркек, 7 әйел және 1 баланы кепілге алған соң, құтқаруға әрекеттенген жергілікті полицияның әрекетінен түк шықпады.

«Уазикке» мінген 3-4 полиция қызметкері автостансаға кеп, автобустағы қылмыскерлердің берілуін талап етті, ал олар оқ атып, бір полиция лейтенанты қаза тапты. Кепілдегі адамдарды қырып алу қаупі төнді, қарақшылар ақша және арнайы ұшақ талап етті. Республикадағы күштік құрылымдар басшыларының бәрі және «Альфа» арнаулы бөлімі оқиға орнына жетіп, жедел құтқару штабы құрылды.

Оған басшылық еткен Аманғали Баталов қылмыскерлерді құрықтаудың аса қауіпті екенін ескеріп, қарақшыларды мергендер оғымен жоюдан бас тартты. Олай еткен жағдайда жазықсыз адамдарға оқ тиюі мүмкін екенін сезген ол ― отандастарын бұрын іс жүзінде қолданылмаған әдіспен құтқаруға бел байлады.  Оқиғаның өрбуін бүге-шігесіне шұқшия қарап, терең талдаған топ басшысы ― шабуылды автобус жүрісі сәл бәсеңдейтін жерде бастау керек деп шешті.

Бұған автобус әуежайға кіріп, ұшаққа жақындайтын жер таңдап алынды. Одан тысқары штурмды көзге түспей жасау міндеті тұрды, өйткені қарақшылар «штурм болған жағдайда, кепілдіктегі адамдарды ойланбастан атып тастайтынын» ескерткен. Қарақшылармен келісімге кеп, олардың талабы бойынша берілетін ұшақ автобустағыларға анық көрінетін жерге қойылды.

Бұл жайында кейін Баталов: «Автобустағы қылмыскерлер ұшақты көріп, оған жақындаған кезде орындарынан тұрып дайындала бастайтыны анық, Сондықтан біз сол сәтте тез қимылдап, олардың көзін жоюды дәл сол кезде бастауға дайындалдық» деген еді. Психологиялық жақтан өзін ақтаған бұл ойда қапы жоқ еді. Ұшаққа жақындағанда бар арманы соған жету боп келе жатқан қылмыскерлер орындарынан өре тұрғанда, олардың назарын бұруы тиіс дауысы ащы, жарығы күшті граната жарылды да, автобусқа су шашатын машина соғылып, «зэктер» еденге құлап түсті.

Batalov 3

Осы бір қас-қағым сәтте автобусқа басып кірген «спецназ» көзді ашып-жұмғанша қарақшыларды толығымен құртып үлгірді. Бар болғаны 3-ақ секундта!  Аса сәтті аяқталған операциядан соң Аманғали Баталовтың бұл еңбегін Президент Нұрсұлтан Назарбаев лайықты бағалап, оны сол кездегі мемлекетіміздің ең биік наг­радасы «Құрмет грамотасымен» марапаттады.  Аманғалидың өте жақсы нәтижеге жеткізген әдісін соңынан ресейліктер мен америкалықтар қолданып, қарулы қылмыскерлердің көзін жоюдың Баталов ойлап тапқан әдісі әлемдік тәжірибеде кең қолданысқа еніп кетті.

batalov 2

Талай қысылтаяң сәтте өте дұрыс шешім қабылдап, ең бір қатерлі жағдайдың өзінде намысына сызат түсірмей, ақылдың алғырлығы мен ойдың ұшқырлығын бір арнада тоғыстыра білу арқылы үлкен табысқа жеткен Аманғали Баталов кім? Бізге анығы: Аманғали Ғаббасұлы Баталов 1956 жыл дүниеге келген. Инс­титутты бітірген соң Мәскеудегі КСРО қауіпсіздік комитеті Бірінші бас басқармасына қарасты арнаулы бөлімге жіберіледі.

Одан соң Ю.В. Андропов атындағы Қызылтулы Мәскеу арнаулы мамандар дайындау институтында оқып, «кәсіби диверсант, партизандық соғыс маманы» боп шығады. 1981 жылдан бас­тап КСРО МҚК-нің «Альфа» тобында қызмет істейді. 1986-1990 жылдар аралығында Қазақстан КП ОК бірінші хатшылары Д.А. Қонаев, Г.В. Колбин, Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке күзетшісі болды. 1990 жылы орталығы Алматы қаласында орналасып, қамту аймағы ― Орта Азия, Қазақстан, Алтай өлкесі және Тува АССР-ы болған «Альфа» арнаулы бөлімі бастығының орынбасары болды. 1992-1997 жылдарда Қазақстан ҰҚК «Арыстан» арнаулы бөлімі бастығының орынбасары; 1997-2003 жылдары Қазақстан ІІМ-нің «Сұңқар» арнаулы жасағы командирінің орынбасары қызметін атқарды. 2003 жылы денсаулығына байланысты зейнетке шықты.

1999 жылы Астана қаласының арнаулы тергеу изоляторында отырған, өлім жазасына кесілген 17 қылмыскер үш түрме бақылаушысын кепілге алып, біреуін сол бойда өлтіріп, мәйітін аулаға тастады. Өздері іштен бекініп ап, түрмені іштен қатаң бақылауға алған оларды қолға түсіріп, кепілдегілерді құтқару аса қиын іс болатын. Оның үстіне дәл сол кезде Астанаға бүкіл ТМД Ішкі істер министрлерінің жиналысы болғалы жатқан. Алайда, Аманғали Баталов бастаған «Сұңқар» арнаулы жасақшылары мемлекет алдында да, «әлдеқалай болады» деп іштей сын көзбен қарап отырған «министр қонақтар» алдында да өз абыройларына қылау түсірмей, бұл сыннан да сүрінбей өтті. 70 секунд ішінде кепілге алынғандар құтқарылып, қатаң жазаға кесілген қылмыскерлердің қолына кісен салынды.

Осы бір минуттан сәл ғана артық уақыт ― шулы жарықты гранатаны жарып, терезенің темір торын бұзып ішке кіруге; лаңкестерді тұтқындап, кепілдегілерді босатуға жеткілікті болды. Алғаш рет 35 жасында «Альфа» сапында жүргенде Петропавл қаласындағы ұйымдасқан қылмыстық топты тұтқындауға қатысып, өз ісін оқ шығындамай тындырған Баталов ― соңынан сондай 300 операцияға қатысып, соның бірде бірінде бетіне бетперде кимеген қайсар жігіт.

Ол өзге елде де жүзеге асырылған операцияларға арнайы шақырылып, оның озық тәжірибесі мен сергек ақылына жүгінген кездер де аз емес. Соның бірі, Мәскеудің өтінішімен, қару-жарақ саудасымен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топты қолға түсіруге жәрдемдесу болатын. Баталов ол операцияның да ойдағыдай іске асуына мол үлес қосып, абыройға ие болды.

1997 жылы Ішкі істер министрлігі аса қауіпті қылмыскерлер және ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресу үшін «Сұңқар» атты арнайы жасақ әскерін құруды қолға алып, оған басшылық етуге Аманғали Баталовты шақырған болатын. Тәжірибелі командир, білікті басшы «Сұңқар» арнайы жасағын құрып, жаттықтырып қана қоймай шын мәнінде шыңдап шығарды.

2000 жылы ол Президенттің жеке күзетіне қайта келді. Ол келгесін Президенттің жеке күзетінде «отқа жанбайтын, суға батпайтын» нағыз шыңдалған жігіттерден арнаулы жасақ құру ісін міндет етіп қойып, оны абыроймен орындады. Сөйтіп, оның басшылығымен «арнайы жасақ ішіндегі арнайы жасақ» өмірге келді. Тәртібі қатаң, сынағы қатал басшының қолынан шыққан бұл жасақ жауынгерлері халықаралық «Телохранитель» сайысында үнемі алдыңғы орыннан көрінумен келеді. Өмір болған соң күтпеген жерден не түрлі оқиғалар жүз беріп, еркіңнен тыс араласуыңа тура келетін жағдайлардың болатыны бар. Ана бір жылдары «Арыстанның» кейбір адамдары тарапынан өрескел қате кетіп, ол қоғамның талқысына түскен шақта, кезінде жігерлі іс-қимылдарымен жұрт көзіне түсіп, зор құрметке ие болған арнайы жасаққа да әр түрлі, орынды орынсыз сындар айтыла бастағаны бар.

Біреулер «Арыстан» жасағына дайындығы нашар адамдар алынып кеткен, кілтипан сонда» десе, екінші біреулер: «ол жасаққа тамыр-таныстықпен өтеді» деп бықсытты. Ал тағы бір желауыздар: «Арыстандағылар» тек жаттығумен уақыт өткізеді, белгілі бір іспен айналыспайды» деп те соқты. Осының бәрі, әрине, «Арыс­тан» жасағының құрылуынан бастап, жоғары деңгейге жетуіне дейінгі аралықта талай тер төккен Аманғали Баталовқа оңай тимесі анық. Бірақ, ол ондай адамдардың «жаптым жаласына» басын ауыртқан жоқ, ретті жерінде дәлелді сөз, орынды уәжімен жұрт көзін шындыққа жеткізіп отырды.

«…Жақында, – дейді, Баталов, баспасөзге берген сұхбаттарының бірінде. – Біздің офицеріміздің бірі есірткі өндірушілердің арасына кіріп, табысты жұмыс істеді. Қылмыскерлер оны кепілге ұстады, алайда ол бойындағы жылдар бойы жетілдірген қабілеті арқасында қиын жағдайдан аман құтылып, әскери тапсырманы ойдағыдай орындап шықты. …Өткенде құрметті бір азамат қоңырау соғып: өзінің бір туысын жұмысқа алуға өтініш жасады. Ал мен ол кісіге «күні ертең мен оның туысына емес, әскери тапсырманың орындалуына жауапты болатынымды» айттым. Себебі, оның маған ысырып салғалы отырған туысына ұзамай көптеген адамдардың өмірі тәуелді болатыны анық. Егер шынымен қабілеті жоғары болса сөзсіз алар едім ғой, олай болмаған жағдайда артық жүктің кімге керегі бар? Ал, әлгі кісінің туысына «өзіңнің түріңді айнадан көрдің бе?» деп сұрадым. Ол өзінің шынында да өсіп-жетілмегенін түсінгендей болды.

…Біздің басты ерекшелігіміз ― өзгелердің өмірі үшін өз өмірімізді қатерге тігіп, тәуекелге бара білуіміз. Арнайы жасақшылар – ерекше адамдар және олармен қарым-қатынас та ерекше болуы тиіс. Сондықтан, «арыстандықтарды» көп жаттығу жасайды деп кінәлаудың қажеті жоқ. Өте шалт қимылдауды игеріп, қас пен көздің арасында көздеген нәрсеге қол жеткізу – біздің басты мақсатымыз. Бұл ертең жауынгерге адамдарды құтқару және өзін де аман сақтау үшін ең керек қасиет».

Бұл сөздерді ол текке айтып отырған жоқ, қаншама жылдық толысқан тәжірибе мен мықты білік иесі жас мемлекетіміздің қауіпсіздік саласының нағыз өз атына сай болуы үшін төгілген өлшеусіз тер мен кешкен бейнеттің қаншалықты биік нәтиже бергенін анық білсе керек. 2007 жылы ТМД елдері бо­йынша арнаулы қызмет сарбаздары арасында өткен жарыста Баталов бастаған Қазақстандық арнаулы қызмет сарбаздары бірінші орынды алуы тегін емес. Оның алғырлығы мен біліктілігіне Ресей қауіпсіздік қызметінің генерал-майоры Геннадий Николаевич Зайцев”Альфа” – моя судьба» атты кітабында өте жақсы баға беріп өтеді. (Бұл кісі – КСРО қауіпсіздік комитетінің «А» («Альфа») тобына 1977-1988 жылдары және оның Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің құрамына өткен 1992-1995 жылдары командир болған. КСРО МҚК-нің 7-басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған, Кеңес Одағының Батыры).

Полковник Аманғали Ғаббасұлы Баталов – Отанға шексіз берілген­діктің үлгісін көрсете алған өнегелі ғұмыр иесі. Ол ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, бірнеше медальмен марапатталған. ҚР Президенті Күзеті қызметінің құрметті қызметкері, ҚР ҰҚК құрметті қызметкері, Қазақстан Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері. Бұның бәрі Отан алдындағы перзенттік борышын адал атқарған азаматқа деген тәуелсіз мемлекетінің өз дәрежесіндегі сый-құрметі. Демек, шындықпен өрнектелуі тиіс мемлекет тарихының әр беті ерлікке толы оқиғалармен жазыла қоймаса да, сол тарихтың әр бетінен отанға шын берілген жолбарыс жүрек, қыран көз Аманғали Баталовтай айбынды азаматтардың да­уыстары естіліп, бейнелері жарқырап көрініп тұрары хақ.

Ахмет ӨМІРЗАҚ

Редакция таңдауы

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...
stroitelnyj pesok e1499924523797

Әлемде адам тіршілігі үшін қажетті негізгі тауарлардың бірі таусылуға жақын

Дүние жүзінде адам тіршілігі үшін маңызды тауарлардың бірі — құмның тапшылығы сезіле...
kogda otkrojutsja fitnes kluby v rossii 1591470414895979029

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.  Жаңа қаулыға...
myaso kolbasy ovoshhi zelen kapusta pomidory limon shashlyk shpazhki palochki sosiski podzharennye pomidor ogurec

Дәрігер әйел адамның денсаулығына қауіп төндіретін ең зиянды өнімдерді атады

Ресейлік диетолог Наталья Круглова әйел адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті...

Жаңалықтар

Әлемде адам тіршілігі үшін қажетті негізгі тауарлардың бірі таусылуға жақын

Дүние жүзінде адам тіршілігі үшін маңызды тауарлардың бірі — құмның тапшылығы сезіле бастады. Құм судан кейінгі ең көп сұранысқа ие ресурс болып саналады, деп...

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.  Жаңа қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» атты 24-қосымшада 4-тармақ өзгертілді. «4. Маскаларды...

Дәрігер әйел адамның денсаулығына қауіп төндіретін ең зиянды өнімдерді атады

Ресейлік диетолог Наталья Круглова әйел адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті тағам түрлерін атады, деп хабарлайды Lenta.ru. Дәрігердің сөзінше, әйелдер жейтін тағамының калориясына мән...

Елорда асханаларының бірінде өрт шықты (видео)

"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Тұрғын...

«Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны қолды болды

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды, деп хабарлады zakon.kz. «Ақмола облыстық полиция қызметкерлері 2 наурызға қараған түні «Қазақалтын» АҚ-қа тиесілі катодты алтынды ұрлау...

Орыс тілінде сөйлеген депутат партия қатарынан қуылды

Украинада Харьков облыстық кеңесінің депутаты Александр Дорошенко орыс тілінде сөз сөйлегені үшін  партия қатарынан шығарылды, деп хабарлайды РИА Новости. "Еуропалық ынтымақтастық" партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ...

Жамбылда 38 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін

Жамбыл облысында 38 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Олардың басым көпшілігі су қоймаларының маңайында орналасқан. Егер көктемде күн күрт жылып, таудағы қар ерісе...

Елімізде жаңа мереке пайда болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізетін бұйрыққа...

«Алаяқтардың қолына түсуі мүмкін»: Маман телефоннан қандай хабарламаларды жойып отыру керегін айтты

"Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды өшіріп отыру керегін айтты, деп хабарлады РИА Новости.     Маманның айтуынша, телефоннан...

Алматылық оқушы халықаралық математика лигасында топ жарды

Алматы қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрасыл Бейсенбай  The Math League – Халықаралық математика лигасында топ жарды, деп хабарлайды Алматы арнасы.  Олимпиадаға әлем бойынша...

Өр тұлғалы өңір басшысы

Күрделі кезеңдерде республикамыздың бес облысының әкімі болған, Елбасының сенімді сардарына айналған Бердібек Сапарбаевтың атқарған еңбегін, көзбен көріп, көңілге түйген сол облыстардың халқы әлі күнге...

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза болуына байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің...

8 наурызға 18 кітап

Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі жақындаған сайын көпшілігімізді, әсіресе ер-азаматтарды жақындарыма «не сыйласам?» деген сауал мазалайтыны белгілі. Кітап сыйлаңыз. Жақсы таңдалған құнды кітап басқа жанның...

Елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады – министр

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға дейін елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыттың құрылысы аяқталатынын айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай және газ-химия...

Қазақстанда әйелдер мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерге қанша әйел жүгінетінін есептеп көрді. Белгілі болғандай, 2020 жылы мемлекеттік корпорацияға түрлі қызметтерді алу үшін 6,2...

8 наурыздан бастап Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады

2021 жылғы 8 наурыздан бастап «SCAT» әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды, – деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз...

АҚШ ғалымдары коронавирус инфекциясын қоздыратын қан тобын анықтады

АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, ІІ қан тобының иелері коронавирус инфекциясының жұқтыруға «бейім» келеді. Гаврард медициналық мектебінің «Бригэм энд уименз» клиникасында қызмет ететін ғалымдардың бұл...

Коронавирус: 226 адамның жағдайы ауыр

5 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында олардың...

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың төмендегідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Ақмола облысында: 1. 03.03.2021 ж. сағат 16.00 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында,...

Ақылы автожолдарда көлігі бұзылған жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек тегін көрсетілетінін мәлімдеді. Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Железин және Тереңкөл аудандарында...

5 наурыз: еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалар болды

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1996 жылы 5 наурызда Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойылымымен ашылды. Сол жылы...

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлады. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды:...

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеуді бұзғандар тіркелді. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1...

Өткен тәулікте 857 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 132, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 27,...

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады – Қазгидромет

5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың оңтүстік...

Абай атындағы университет үздіктер қатарына енді

Абай университеті екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде топ-250 үздіктер қатарына енді. Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет «QS World University Ranking...

Кремль: «Cанкцияның әсері де, мағынасы да жоқ»

АҚШ-тың "Навальныйдың ісі" бойынша жаңа санкциялары екіжақты қатынастарға "қатты әсер етеді", қазірдің өзінде "жағдай нашар". Бұл туралы Кремльде айтылды. АҚШ-та Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару бағдарламасын...

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға тарту етілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінің жаңа аудармасының таныстырылымы өтті. Қарахандар дәуірінде 1069 жылы жазылған құнды жәдігер...

Министрлік коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді

Коронавирус инфекциясы гүл арқылы жұғады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Департамент мәліметіне қарағанда, Желіде...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Бішкекте қандасымызға арналған музыкалық кеш өтті

1 наурызда  Бішкектегі К.Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерва­тория­сында Қыр­ғыз Республикасындағы қазақтардың арасынан шық­қан талантты әнші, қырғыз елінің  мә­дениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ержан Му­синді еске...

Енді WhatsApp-тың компьютерлік нұсқасында бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады

WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch. Аудио және видео қоңыраулар шифрлау арқылы...

Ауылдағы іскер әйелдерге 4000 доллар қайтарымсыз грант беріледі

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4000 доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аtameken Business.     https://youtu.be/rIWRXS-QT2Q Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген...

2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылған

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында импорттық өнімдерді алмастыру жоспары бойынша Қазақстанда 48 тауарлы сүт фермасы, 3 ет комбинаты іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы...

Пандемия кезінде гендерлік теңсіздік күшейді – ДДСҰ

Пандемия Еуропадағы гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен...

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.  Укринформ сайтының мәліметінше, Денис Шмыгаль жағдайды бейімделген карантин құралдарымен...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, –...

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, бір топ көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы...

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы жол ашу – Orda...

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен...

Өскеменде баланы еденге лақтырған тәрбиешіге іс қозғалды (видео)

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....

Алматыда «Рахат» базарының 300-ге жуық саудагері наразылыққа шықты

Алматыда "Рахат" базарының 300-ге жуық саудагері өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті,...

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған,...

Ақмола облысының күре жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының күре жолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.  4 наурыз күні сағат 07.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы (жел,...

Коронавирусты «мәңгілікке» жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Америкалық дәрігерлер коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырудың алғашқы жағдайларын анықтады, деп хабарлайды medRxiv.  Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары вирустың іздері алты ай бойы ақ қан ауруымен ауыратын бірнеше...

4 наурыз: атаулы күндер, есте қалар оқиғалар

4 наурыз Тәуелсіз Қазақстан тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? Еске түсіріп көрейік... 1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңы күшіне енді. 1997 жылы ҚР...

WhatsApp арқылы 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам залал келтірген әйел ұсталды

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан...

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде...

28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі. Мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14...

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы...

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайханның айтуынша, премьер Л.Оюун-Эрдэнэ өткен...

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Бүгін «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының салт-дәстүрі туралы 10 кітабының таныстырылымы өтті. Салтанатты жиынға жазушы, түрколог-ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы,...

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді. «Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен...

Әзірбайжан Арменияның қанша азаматын тұтқында ұстап отырғаны белгілі болды

Арменияның диаспора істері жөніндегі бас комиссары Заре Синанян РИА Новостиге берген сұхбатында Әзірбайжанның өз аумағында жүзден астам армян азаматын әлі де тұтқында ұстап отырғанын...

Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру...

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында...

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды (видео)

Курьер болып жұмыс істейтін вьетнамдық жігіт 12-қабаттан құлаған бүлдіршінді қағып алды, деп хабарлайды Daily Mail.  Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршіннің...

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.  Құттықтауда КСРО Тұңғыш президентінің...

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Сценарист және актер Саша Барон Коэн өзінің ойдан шығарылған кейіпкері — Бораттың отаны Қазақстанға келуге дайын екенін мойындады. Бұл туралы ол "Известия" басылымына берген...

Бішкекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының филиалы ашылуы мүмкін

Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшылары...

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан...

Жомарт Ертаев тағы да 9 жылға сотталды

Алматыда «Bank RBK», «Qazaq Banki» және «Eurasian Bank» банктерінен 188 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. ҚазАқпараттың хабарлауынша, айыптылардың қатарында экс-банкир...

Кардиолог инфаркт алу қаупін азайтатын үш жаттығуды атады

Кардиолог және жүрек-тамыр хирургі Владимир Хорошев инфаркт қаупін азайту үшін үш жаттығуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Маман бірінші кезекте көбірек жаяу жүруге кеңес берді:...

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті

Алматы облысында мас көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған үш бала ауруханаға жатқызылды. «Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған....

Илон Маск өз қаласын салуға кірісті

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала құрылысын қолға алды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. "Мен Техаста...

Айға саяхат: жапон кәсіпкері бұл сапарға 8 адамды таңдап алмақ

Жапон кәсіпкері Юсаку Маэдзава сәрсенбі күні «өзін әртіс деп есептейтін» қоғамның 8 өкілін 2023 жылы Ай орбитасына алып кететінін мәлімдеді. Бұл – SpaceX фирмасы...

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік бөлігі мен Байсейітова көшесінің шығыс жағында Роза Бағланованың құрметіне ескерткіш орнатылады. «12 наурызға дейін Роза...

COVID-19: елімізде ПТР тест бағасы арзандап жатыр

Қазақстанның клиникалық-диагностикалық зертханаларымен жасалған монополияға қарсы іс-шаратшеңберінде КВИ ПТР бағасы арзандап жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 наурызда КДЗ ОЛИМП COVID-19...

Семейде жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 наурыз сағат 05:00 шамасында Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй отқа оранған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер...

Нұр-Сұлтанда қашықтан оқыған оқушылар коронавирусты көбірек жұқтырған

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда мектептеріндегі коронавирус статистикасы туралы айтты. «2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бері мектеп...

3 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар

2018 жылы 3 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының 26 жылдығы аясында БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қою...

Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты

Екібастұзда жолаушылар вагонының темірден өзге бөлшектерінің барлығы жанып кетті. Әзірге өрт салдарынан келген шығынның мөлшері белгісіз. «2 наурыз күні сағат 13:04-те нөмірі 2-ші мамандандырылған өртке...

Өткен тәулікте елімізде 717 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 717 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақ бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 105, Шымкент қаласы - 12,...

Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Былтыр мал ұрлаған азамат осы күнге дейін жасырынып жүрген. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті «Мал ұрысы»...

«Алматы жастарына» 10 наурыздан бастап өтінім қабылданады

Оңтүстік шаһардағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады. Бұл туралы «Отбасы банкі» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. «Алматы...

3 наурызға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

Қазгидромет 3 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, қар мен жаңбыр жауып, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын,...

Ресейдегі Әлихан Бөкейханов зиратына гүл шоқтары қойылды

 1 наурызда еліміз Алғыс айту күнін атап өтті. Мереке идеясы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі және Қазақстанда тұратын барлық этностар бір-біріне және...

Әлемдегі барлық миллиардерлердің саны анықталды

Hurun Research Institute зерттеуіне сүйенсек, әлемдегі миллиардерлердің саны 3228-ге жеткен. Зерттеушілердің сөзінше, бұл — рекордты көрсеткіш.  15 қаңтардағы жағдай бойынша планетадағы ең бай адамдардың жиынтық...

Қытай 15 жылда елімізге 19,2 миллиард доллар инвестиция құйған

2020 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 миллиард доллар болған. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты,...

Аязда үсіп өлген 5 жасар бала қайтыс болар алдында зорланған

Ресейдің Саратов облысының Вольск қаласында көшеде өлі күйінде табылған бес жасар бала қайтыс болғанға дейін зорланған. Бұл туралы Life Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru...