ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙҒА БАСА КӨҢІЛ БӨЛМЕК
– Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту мақсатында баршаның игілігі үшін бағдарлама ұсынды. Әділдік, өрлеу, дамудың үш тағанын тірек еткен жобаның болашағы зор деп айтар едім. Бағдарлама аясында «Бірге» аяциясы шеңберінде халықтың жаппай ұсыныс-пікірі жинақталды. Бүгінде 530 мыңға жуық өтініш келіп түсті. 1 500 000-нан астам адам ұсыныс-пікір айтты. Ең бірінші әлеуметтік мәселелер, әлеуметтік қамсыздандыруға ерекше жағдай көңіл бөлінеді. Жастарды жұмыспен қамту, білім саласына байланысты түйткілді мәселелерді шешу жайында ұсыныстар көптеп түсті. Қасым-Жомарт Тоқаев аз қамтылған, көпбалалы отбасылар баспана салу, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, барлық санаттағы мұқтаж адамдарға берілетін әлеуметтік көмектің ауқымы көбейетінін айтқан болатын. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік көмек қолжетімді болады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауда 70 пайыздан астам дауыс жинауы – үлкен жетістік, нәтижелі еңбектің жемісі. Аймақтарда білім беру, денсаулық сақтау, өңірлердің ғылыми әлеуетін дамыту үшін көп жұмыс атқарылуда. Штаб мүшелері халықпен жүздесуде Елбасы тапсырмаларының ары қарай жалғасатынын жеткізді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы – мемлекеттік қызметте жоғары лауазымдарда ұзақ жылдар жұмыс істеген тәжірибелі саясаткер. Білім мен ғылым, әлеуметтік, экономикалық мәселелерді жақсы біледі.
«Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» тұғырнамасы қолданыстағы бағдарламаларды ары қарай жалғастырады. Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қазіргі бар бағдарламаларды тұрғын-үй құрылысының бірыңғай саясатына біріктіру жоспарда бар. Сонымен бірге, жұмыссыздық жойылып, еңбекақы көтеріледі. «Акция» аясында айтылған ұсыныстар талданып, жүзеге асады.
Дархан Мыңбай, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan»
партиясы фракциясының мүшесі:
ПРЕЗИДЕНТ ӘДІЛЕТТіЛІК, АДАЛДЫҚ ҰҒЫМДАРЫНА ЕРЕКШЕ ТОҚТАЛДЫ
Біріншіден, сайлау өтті. Халыққа салса да, қалыпқа салса да «Nur Otan» партиясы өз биігінен көрінді. Халыққа салса деп отырғаным, жалпы осы халықтың мүддесімен, осы көпшіліктің мәселесімен айналысатын партия. Сондықтан «Nur Otan» партиясының жеңісі – бүкіл халықтың жеңісі дегенді көпшіліктің көкейіндегі мәселелер енді дұрыс шешім табады деген сеніммен айтып жатырмыз. Міне, осы үшін сайлауда біз өз кандидатымызға дауыс бердік.
Бүгінгі ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Кемелұлы «елдің мүддесін қорғау – менің басты мақсатым» деп айтты. Елдің мүддесі деген сөз – Қазақстан азаматының әрқайсының мүддесі. Соның ішінде «жастарды саяси көзқарастары мен ұстанымдары бойынша бөлуге жол бермеймін» деп айтты. Бұл өте маңызды. «Бөлінгенді бөрі жейді». Елге жаны ашитын патриот адам өзінің саяси немесе басқа да ұсыныстарын елді біріктіруге бағыттайды. Күні кеше сайлауда айқын басымдықпен жеңіске жеткеннен кейін де, «Төрт жарым мың ұсыныс кеп түсті. Бұл ұсыныстардың барлығын сараптап, әр ұсынысқа өте мұқият қарау керек, бұл басқару органдарының, әкімшіліктердің, қоғамдық ұйымдардың бәрінің міндеті. Бұлардың барлығына үн қату, жауап беру керек», – деді Президент.
Әсіресе, әділеттілік мәселесін өте қатты айтып жүр. Әділетті әлеуметтік саясат деген бар. Мысалы, Рим империясының өзі нан жетпегендіктен емес, нанды әділ бөлмегендіктен құлағанын тарихтан білеміз. Әділдік, адалдық деген ұғымдар барлық салада болсын дегенді де қадап айтты. Тағы бір қуанарлығы, ол кісі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізінен жас ұрпақты тәрбиелеуге арнауымыз керек деп отыр. Шындығында, осы рухани жаңғыруды даңғазадан тазалап, жастарды тәрбиелейтін құрал ретінде пайдалансақ жақсы болар еді. Мемлекет басшысының осы мәселені қадап айтқаны менің көңілімнен шықты.
Ықылас Қуандық, «NUR OTAN» партиясы Стратегиялық бастамалар институтының ақпараттық-сараптамалық бөлімінің бас сарапшысы:
Ел дамуының жаңа белесі
Ақпараттар ағыны жаңа белеске көтерілген бүгінгі қарбалас қоғамда кез келген мәселенің бәріне жіті көңіл бөлу мүмкін емес. Сол себептен де мемлекеттік органдар саясатын ұдайы қоғамның талап-тілегіне сәйкес жүргізе бермейтіні рас.
Дәл осы түйткілдерге жаңадан сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қырынан көңіл бөлді. Ол ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде Қазақстанның дамуы жөніндегі 10 бағытты айқындап берді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әуелі қоғам тарапынан әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу тұрғысындағы реформаларға қатысты сауалдардың көп екендігін тілге тиек етті.
Екіншіден, ол қоғамда қордаланып қалған өзекті мәселелерді шешу үшін билік пен қоғам арасында өзара байланыс орнатып, саяси диалогты жүзеге асыру керектігін айтты. Себебі қазір мемлекеттің одан әрі дамуы үшін билік пен қоғам арасындағы коммуникациялық қарым-қатынасты реттеу маңызды. Сондықтан президент Қ.Тоқаев қоғамдық сенімнің Ұлттық Кеңесін құруды тапсырды. Оған қоғам өкілдері, оның ішінде жастар белсенділік танытуы тиіс.
Мұнымен қоса, Қ.Тоқаев еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуын қамтамасыз етіп және түйткілді қысқа мерзімде шешу үшін жаңа шешімдер мен жаңа қадамдар қажеттігін баса айтты.
Демек, осы мәлімдеме азаматтардың бетпе-бет келген мәселесінің астарына терең үңіліп және оны жедел шешу барысында мемлекеттің жаңа бағытта дамуының куәсі болмақ. Біз жақын арада елімізде айтарлықтай өзгерістер орын алып, азаматтық қоғаммен арада жаңа қарым-қатынастың пайда болатынына сенім білдіреміз.
Халық өз таңдауын жасады
Баршаға белгілі, маусымның 9-ы күні елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өткен болатын. Осындай тарихи маңызды сәтте халық белсенділік танытып, өз таңдауын жасады. Ең бастысы сайлау әділ өтті. Сайып келгенде, Қасым-Жомарт Тоқаев басқа үміткерлерден басым айқындықпен жеңіске жетті. Бұл – егеменді елдің жеңісі!
Сайлауда басым дауысқа ие болған Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды кезекті бір биік белеске көтеретініне ел азаматы ретінде сенім артамын. Себебі Қасым-Жомарт Кемелұлы – еліміздің ішкі-сыртқы саясатын жақсы білетін әлемдік дәрежедегі саясаткер.
Азамат ҚУАНЫШАЛИЕВ,
«Nur Otan» партиясы
Батыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастыру бөлімінің консультанты
Дұрыс таңдау – жарқын болашақ кепілі 9 маусымда өткен Қазақстан Республикасының сайлауы – ел тарихында тайға таңба басқандай маңызды оқиға. Оған бәріміз куә болдық. Еліміз үшін маңызды сайлау күні халық өз азаматтық парыздарын орындап, дұрыс таңдау жасау арқылы, болашаққа қадам басу жолында өз үлестерін қосты. Қазақстандықтар жарқын болашақ, кемел келешек үшін өз таңдауын бір кісідей жасады. Кезектен тыс президент сайлауында Қазақстан азаматтарының 77,5 пайызы өз таңдауын жасады. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауымен сайлаушылардың басым бөлігінің сеніміне, яғни 70,96 пайызға ие болған «Nur Otan» партиясы ұсынған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан президенті болып сайланды. Елбасымыз «Тәуелсіздікке қол жеткізу де, оны баянды ету де оңай емес» деп айтып кеткендей осы тәуелсіздігіміздің тұғырлы, мемлекетіміздің ғұмырлы болу жолында Қасым-Жомарт Кемелұлы аянбай еңбек ететініне сеніміз зор. «Елу жылда – ел жаңа» демекші, біздің еліміз жиырма жылда керемет табыстарға жетті. Елбасы осы өзі бастап кеткен сарабдал саясатымен дара жолын жалғастырушы ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлына үлкен сенім артты. «Қазақ әлсіресе – алауыздықтан әлсіреген, күшейсе – бірлікпен күшейген» деп, ащы болса да, шындықты айтқан Елбасы, барлығымызды бірлікке, достыққа, ынтымаққа шақырады. Егер бізді әлсірететін сыртқы және ішкі факторларға берілетін болсақ, қанша төккен маңдай теріміз зая кетеді. Ел болып бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығара алатын болсақ қана, қандай да болмасын факторлар бізге әсерін тигізе алмайтыны айдан анық. Күнделікті болып жатқан сырт елдердегі оқиғаларды мысал етуге болады, қантөгіс, тұрақсыздық салдарынан қаншама елдердің құрдымға кетіп бара жатқанын көріп жүрміз. Сондықтан, барлығымыз бір жіптен ұстайтын болсақ, әлі талай белестерді, шыңдарды бағындыратынымызға сенімдімін. Еліміз тыныш, халқымыз аман, Тәуелсіздігіміз баянды болсын!Мәлік Бейсенов,
«Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары
Ендігі міндет – ел сенімін ақтау Президент сайлауының нәтижесі мемлекеттік қызметтегі жастардың көңілінен шықты. Бұл сайлаудан біздің ел ертеңіне деген жауапкершілігін сезіне білетін біртұтас ұлт екенімізді көрдік. Қазақстанды бұдан да қуатты мемлекетке айналдыру ниеті бәрімізді сайлауда біріктірді. Елдің арқасында, елдің берген дауысының арқасында Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Сайлау жеңімпазының ендігі міндеті – ел артқан сенімді ақтау. Бұл таңдау – әрбір азаматтың жеке таңдауы ғана емес, болашақ алдындағы жауапкершілігі. Ендігі міндет – осы елдің сенімін ақтау. Қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты көзіміздің қарашығындай сақтағанда ғана барша азаматтарымыздың өмірі жақсарады. Кешеден бері осы сайлауға сырт көз болып баға берген халықаралық байқаушылар оның барлық стандарт пен нормаға сай өткенін айтып жатыр. Ал мен бұл сайлауды бүліктен гөрі бірлікті жоғары қойған ел таңдауы болды деп атар едім.Дәулет КӘРІБЕК,
«Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы
Саяси сабақтастық – ел ертеңі үшін Кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз қызметіне ресми кірісу салтанатты шарасы болып өтті. Бұл саяси науқанда біздің жетісулық партияластарымыз, барынша белсенділік танытып, ауқымды жұмыс атқарды. Бұл жетісулықтардың Қасым-Жомарт Кемелұлына көрсеткен үлкен қолдаулары. Ал ендігі кезекте ел басқаруға кіріскен Қасым-Жомарт Кемелұлына сәттілік тілей отырып, еліміздің дамуы үшін тек алға қадам басу қажет деп санаймыз. Мемлекеттіміздің болашағы жарқын боларына сенім артамын. Елдің дамуы үшін еңбек ету – әр қазақстандық үшін үлкен жауапкершілік. Сондықтан біз Қ.Тоқаевқа сенім білдіре отырып, алға қойған мақсат-міндеттерін жұмыла жүзеге асыруға әзір екенімізді жеткіземіз.Аманжол ЖАЗЫҚБАЕВ,
«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары
Ел тарихындағы жаңа кезең ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз қызметіне ресми кірісуімен құттықтаймын! Еліміздің ертеңі жарқын, келешегі кемел болсын! Қазақстанымыз әлем алдында бәсекеге қабілетті, беделі жоғары бола берсін деп тілеймін! Халқымыздың жарқын болашағы үшін әрбір қазақстандық аянбай еңбек ете берейік! Мен елімнің кемел келешегі үшін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың командасында жұмыс істеуге әрқашан дайынмын! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси сабақтастық бағыты өте дұрыс және елінің ертеңі үшін дұрыс шешім қабылдады деп ой білдіремін. Көк туымызды әрқашан көкте көтеріп жүрейік!
Ғазиз АМАНЖОЛҰЛЫ,
«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалының кеңесшісі
Бұл – халықтың жеңісі Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы барлық заң талаптарына сай өтті. Сайлау ашық әрі әділ болды деп толықтай айта аламын. Барлық шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Мен адамдардың аянбай еңбек еткенін көрдім, сайлаушылардың көптеп келгенін, әрі белсенділік танытқанын байқадым. Әсіресе, ел келешегі саналатын жастардың бұл сайлауға белсене атсалысты. Бұл – жастардың ертеңгі күнге жауапкершілікпен қарап, Мемлекет басшысы ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлына сенім артты деген сөз. Халық өз таңдауларын жасады. Сайлаудағы бұл жеңіс – бүкіл қазақ халқының жеңісі.Азат САҒАТОВ,
«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық
филиалы саяси жұмыс бөлімінің консультанты