ТОҚАЕВ САЙЛАУ АЛДЫНДА ЖАҚСЫ БАСТАМАЛАР КӨТЕРДІ

ТОҚАЕВ САЙЛАУ АЛДЫНДА ЖАҚСЫ БАСТАМАЛАР КӨТЕРДІ

ТОҚАЕВ САЙЛАУ АЛДЫНДА ЖАҚСЫ БАСТАМАЛАР КӨТЕРДІ
ашық дереккөзі
377
Бауыржан Жақып, ақын, ф.ғ.д, профессор: Кезектен тыс президент сайлауы жоспар бойынша, белгіленген күні өтті. Оған дейін үгіт-насихат жүргізілгенінен хабардармыз. Бұл сайлау бұрынғы сайлаулардан шынында да өзгеше болды. Өйткені бүкіл әлем демократиялық үрдістерге бой ұрғаннан кейін, біздің Қазақстан да әлемдік қауымдастық, өркениет қалай көшеді соған ілесуі керек. Заманның талабы осы. Біздің еліміз де демократиялық үрдістер бағытында жөнімен дамып келе жатыр деп ойлаймын. 7 бірдей үміткер болды. Әрқайсысы сайлауалды бағдарламаларын халыққа таныстырды. Жалпы осы сайлаудың маған ұнаған тұсы – теледебаттың ұйымдастырылуы. Бірте-бірте осы демократиялық үрдістер жалғасын таба береді деп ойлаймын. Демократия дегеннің өзі – халықтың билігі. Халық басқаратын мемлекетке келу. Әлем осыған көшіп келе жатыр. Біздің екінші ұтқанымыз халық өз дауысының бағалы екенін ұқты. Оппозиция өкілі Əміржан Қосанов 16 пайыз дауыс жинады. Мұның өзі өте жақсы нəтиже деуге болады. 70 пайыз дауысты иеленген Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев президент лауазымына сайланды. Бұл – халықтың таңдауы! Ал енді менің өз ойым ол кісінің «Сабақтастық! Əділдік! Өрлеу!» деп үш ұранды алға тартуы елдің көңіліне жағымды əсер қалдырды. Өйткені əділет керек, ел дамуы үшін қоғамға сабақтастық та қажет. Сондай-ақ, ілгерілеу яғни өрлеуде басты қажеттіліктің бірі. Осы үшеуі де болса еліміз биік белестерді бағындырады деп ойлаймын. Оған еліміздің потенциалы жетеді. Тағы бір айта кетерлігі, Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау алдында ел арасында жүрген кезде жақсы бастамалар көтерді. Мəселен Ұлы Абай бабамыздың 175 жылдығын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл руханият саласына биліктің бей-жай қарамайтындығын аңғартады. Елдің рухы көтерілетін болса, Абай Құнанбайұлының шығармашылығы əлемге таныла беретін болса, жалпы қаламгерлерге серпіліс, шабытына шабыт қосады деп ойлаймын.Мен өз даусымды 70 пайыз халық даусын иемденген Қасым-Жомарт Кемелұлына бердім. Өйткені ол кісінің әкесі қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының атасы. «Көмескі іс», «Сарғабанда болған оқиға» сынды еңбектерін бала кезден жата-жастана оқып өстік. Қаламгердің перзенті болғандықтан – қаламгерлер қауымына, руханиятта жүрген азаматтардың көңілі оң болатынына сенімдіміз. Жалпы, сайлаудың ашық қорытындысы бірқатар республикалық БАҚ беттерінде жарияланды. Осы сайлау халықтың демократиялық таңдауына жол ашатын үлкен тарихи оқиға болды.

Серіктес жаңалықтары