ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰШҚЫШ ТОТЫ ӘМІРОВА ЖҰМЫСТАН ҚУЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰШҚЫШ ТОТЫ ӘМІРОВА ЖҰМЫСТАН ҚУЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰШҚЫШ ТОТЫ ӘМІРОВА ЖҰМЫСТАН ҚУЫЛДЫ
ашық дереккөзі
Ол жұмыстан шығып қалғанын әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Қазақстандағы тұңғыш ұшқыш әйел Тоты Әмірова бұған дейін азаматтық авиация комитетінде жұмыс істеген. Комитет өкілдері ақпаратты растағанымен, қызметкердің жұмыстан шығу себебін БАҚ тарапынан сұраным хатсыз айтудан бас тартты. Журналистер азаматтық авиация комитетіне оқиғаға қатысты арнайы сұраным хат жіберді. Тоты Әмірованың өзіне комитет төрағасы Әлжанов қол қойған жұмыстан шығару жөніндегі бұйрықтың табысталғанын жеткізді. Әмірованың айтуынша, ол жұмыстан шығу туралы ешқандай өтініш жазбаған. Оған қоса, ол сөгіс пен жазаға ілікпегенін де айтты. «Мен жоқ кезде маған рейстің 25 минутқа кешіктірілгенін іліп қойды. Олардың мәлімдеуінше, жағдай сегіз ай бұрын орын алған. Олар бұл оқиғада интернеттегі белгісіз адамның дауысының жазбасына сүйеніп, соны негізге алып отыр», – деп жазған Әмірова.