ЖУРНАЛИСТЕР ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН БАҚ СЫНАЙДЫ

ЖУРНАЛИСТЕР ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН БАҚ СЫНАЙДЫ

ЖУРНАЛИСТЕР ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН БАҚ СЫНАЙДЫ
ашық дереккөзі
«TÚRKISTAN» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің 25 жылдығына орай БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында үстел теннисінен республикалық турнир өтеді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Үстел теннисі федерациясы қолдау білдіріп отырған шараға республика аумағындағы кез келген журналист қатыса алады. «TÚRKISTAN» апталығы осыған дейін журналистер мен баспасөз хатшылар арасында боулингтен турнир өткізген-ді. Аталған шара тартысты өтіп, тілшілер қауымы жақсы әсермен тарқасқан. Іргетасын Қазақтың Қалтайы атанған Қалтай Мұхамеджанов қалаған «TÚRKISTAN» газеті ширек ғасырдан бері халық руханияты үшін қызмет етіп келеді. Басылым ұйымдастырып отырған кезекті турнир 15 маусымға жоспарланған. Турнирге қонақ ретінде белгілі спорт майталмандары да қатыспақ. Толық ақпаратты редакцияға хабарласып біле аласыз.