Қордайлық азаматтың үйінен 2 келі есірткі табылды

Қордайлық азаматтың үйінен 2 келі есірткі табылды

Қордайлық азаматтың үйінен 2 келі есірткі табылды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Қордай ауданының тұрғынынан екі келіден астам героин табылды. Іс-шара кезінде облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қордай ауылында тұратын 45 жастағы ер адамның үйіне санкцияланған тінту жұмыстарын  жүргізді. «Тексеру барысында оның сарайынан шүберекке оралған екі брикет табылды. Олардың ішінде құрамында ұнтақ тәрізді заты бар екі полиэтилен орамасы болған. Сот-химиялық сараптама актісіне сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 2 келі 51 грамм «героин» есірткі құралы екендігі анықталған»,- дейді полиция департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова. Күдікті кінәсін мойындап, аталмыш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары  жүргізілуде.