Қазақстанда АЭС салына ма?

Қазақстанда АЭС салына ма?

Қазақстанда АЭС салына ма?
ашық дереккөзі
Қазақстанда атом электр стансасы құрылысы мүмкіндігін зерттеу кезеңі жүріп жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатынын кейін тілшілерге Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті. «Қазақстанда атом стансасы құрылысы бойынша ешқандай шешім қабылданбағаны туралы тағы да қадап айтамын. Қазақстанда біз станса құрылысының мүмкіндігін зерттеу кезеңін атқарудамыз. Оның ішінде технологияларды өндіретін елдерден тиісті мәліметтерді сұрастырудамыз. Бұл тұрғыда техникалық сипаттамалар, баға деңгейі бойынша зерттеу жүруде», - деді Бозымбаев. Оның сөзіне қарағанда, Үкімет пен «Самұрық-Қазына» компаниясы бұл мәселені пысықтағаннан кейін, оны қоғам талқысына шығару мүмкіндігі болады. «Өздеріңіз білесіздер, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге сапары барысында бұл мәселе қоғамдық пікірді ескере отырып шешілетінін айтты», - деді ведомство басшысы. Еске салсақ, биыл сәуір айында Семей қаласының зиялы қауым өкілдерімен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр стансасының құрылысына қатысты ойымен бөлісті. «Бұған қоса, ел халқының басым бөлігінің пікірі ескерілместен АЭС  құрылысы туралы шешім қабылданбайды. Бұл бүкіл халқымыздың мүддесіне  қатысты бар барынша өзекті мәселе және олардың пікірлері қаперге алынады», - деді Қ.Тоқаев. Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл көктемде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ресейлік тараптың Қазақстанда атом электр стансасын салу ұсынысына қатысты пікір білдірген еді.