Вакур СҮМЕР: ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕН БАСТАУ АЛҒАН

Вакур СҮМЕР: ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕН БАСТАУ АЛҒАН

Вакур СҮМЕР: ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ  ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕН БАСТАУ АЛҒАН
ашық дереккөзі
  •  Вакур мырза, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының атқарып жатқан қызметі мен миссиясы туралы кеңірек айтып берсеңіз...

Вакур СҮМЕР, Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры:

– Еуразия ғылыми-зерттеу институты Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне қарасты ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын институт. 2014 жылы құрылып, осы уақытқа дейін Еуразия аймағына, оның ішінде түркітілдес елдерге қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқарып келеді. Институттың ғылыми-зерттеумен айналысатын қызметкерлері негізгі 4 зерттеу тобына бөлінген: 1. Экономика, қаржы және энергетикалық ғылыми-зерттеу тобы: Экономика, Энергетика, Қоршаған орта, Қаржы, Транспорт, Технология; 2. Саясат, сыртқы саясат және қауіпсіздік ғылыми-зерттеу тобы: Қауіпсіздік, Сыртқы саясат, Халықаралық қатынастар, Саясат; 3. Қоғам мен мәдениет ғылыми-зерттеу тобы: Әлеуметтану, Тарих, Мәдениет, Aрхеология, Өнер, Дін, Білім, Тіл білімі, Философия және төртінші тобымыз Түркістан қаласының облысы орталығы болуына орай жаңадан құрылған Түркістан ғылыми-зерттеу тобы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізумен айналысады. Аталған салаларға қатысты ғылыми зерттеулер жүргізу, деректер жинақтау, ғылыми жобаларды әзірлеу және орындау, сондай-ақ, осы өңірдің тарихи және мәдени жәдігерлерін қорғауға, бейбітшілігі мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған маңызды стратегиялық ұсыныстар мен жобаларды дайындау және жүзеге асыру арқылы саяси және іскерлік ортадағы ықпалдастықты жандандыруға көптеген шаралар өткізді. Институт шығаратын баспа басылымдар туралы да айтып өтейін. Апталық үш тілде (қазақ, түрік, ағылшын) шығаратын Е-Бюллютеніміз үздіксіз жарияланып отырады. Оны 2 мыңнан астам электронды пошталарға жіберіп отырамыз. Сонымен қатар, институт ғалымдары мен сарапшыларының жан-жақты зерттеуі мен терең сараптама мақалалары төрт тілде (қазақ, түрік, ағылшын, орыс)  жарық көретін мемлекеттік тіркеуден өткен «Азия Еуропа» журналында жарияланады. Журналымызды Қазақстандағы және Түркиядағы университеттер мен институттарға шетелдік елшіліктерге тегін таратамыз.  Түрлі таңдаулы тақырыпта конференция, панелдер, симпозиумдар ұйымдастырамыз. Айрықша атап өтетін іс-шара әлемдік дейгейдегі 70-80 мықты ғалымдар мен сарапшылардың басын қосатын EFE (Еcononik Finans and Enerji) (Экономика, Қаржы және Энергетика) 2014 жылы, 2016 жылы, 2018 жылы Алматыда өтті. Ал кезекті 2020 жылғы EFE Түркияның Ниде қаласында өткізуді  ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Еуразия ғылыми-зерттеу журналы да ағылшын тілінде жаңадан жарық көре бастады. Осындай тоқтаусыз еңбектің арқасында әлемдік ғылыми индекстік зерттеу орталықтарының бағалау нәтижесінде Еуразия ғылыми-зерттеу институты 4 аталым бойынша жоғары дәрежеде бағаланды. Бұл жағдай Қазақстанның білім және ғылым саласының әлемдік деңгейге шыға бастағанын көрсетіп отыр. – Қазақстан Түркия қарым-қатынасы өте жақсы деңгейде екені белгілі. Сол тонның ішкі бауындай болған байланысты одан әрі тереңдетуге институттың  септігі бар ма? –Қазақстан мен Түркияның бүгінгі қарым-қатынасы ет пен тырнақ сияқты. Бөлуге, ажыратуға мүлдем болмайды. Ел екі халықаралық аренада бірін-бірі өте жақсы қолдайды. Біздің байланысымыз тек 1991 жылдан басталды десек қателесеміз. Әу бастан бір болдық. Заман өте Еуразия құрлығына кең жайылып «Түркі өркениетін» қалыптастырдық. Түркі өркениеті әлемдік өркениеттің негізгі қайнары. Ал күллі түркі бастауы қазіргі Қазақстан жері екені тарихтан белгілі факт. Бұған қатысты Түркі әлемінің ақсақалы құрметті Н.Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында: «Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді» деп мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстанды мақтан етіп, бұдан да терең патриоттық сезіммен сүю мен қастерлеудің жолын көрсетті. «Институт екі елдің байланысын дамытуға қандай іс-әрекеттер жасап жатыр?» деген сұрағыңызға қысқаша жауап берейін. Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын түріктілді ақпарат құралдарында ең алғаш болып түрік тілінде біздің «Азия Еуропа» журналы жариялады. Екі елдің ашық, кіршіксіз таза байланысының символы Түркістан қаласындағы – Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ. Бүгінге дейін түрік әлемі жастарының білім нәрімен сусындап, білімді ұрпақ болуына көп еңбек етті. Университеттің арқасында екі ел арасындағы білім саласы бойынша тәжірибе алмасулар орнықты жүзеге асуда. Оның үстіне қазақ жастарының білімге деген ынтасы мен қабілетіне риза боламын. 1991 жылдан бері Қазақстан білім саласына ерекше көңіл болу арқылы білімді де бәсекеге қабілетті орта қалыптастыра алды. – Институтта ең азы үш, төрт тілді меңгерген жастар қызмет атқарады екен. Осы тұрғыдан Қазақстан жастарының білімге деген талпынысы, құштарлығы туралы пікіріңіз қандай? – Түрік әлемінің ақсақалы құрметті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек» дей келе: «Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс атқарылды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты», – деді. Түркі әлемі көшбасшысының білім мен ғылым саласына деген қамқорлығы ананың баласына деген сезімі сияқты ерекше. Қазақстан Тәуелсіздігін алғаш танып, құттықтаған мемлекеттің өкілі ретінде Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістігі мен бағындырған шыңдарына сүйсіне қараймын. Тәуелсіздік – мемлекет азаматтарына үлкен мүмкіндік ашты.
  • Халықаралық қатынастар маманы ретінде Қазақстанның дамуы мен алға қойған мақсатына жету стратегиясына қандай баға берер едіңіз?
  • Халықаралық сахнада Қазақстанның имиджі өте жақсы қалыптасқан. Түркі әлемінің ақсақалы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық мықты шешімдерінің бірегейі Нұр-Сұлтан қаласының құрылуы мен оның бейбітшілік пен келісімнің орталығы ретінде танылуы Қазақстан үшін үлкен абырой деп білемін. Қазақстан Тәуелсіздік алған алғаш сәттен бастап, құрметті Н.Назарбаев халқының азаттық рухында өскенін, еркіндік рухын сезінгенін қалады. Елбасының: «Рухы еркін халық қана ұлы істер атқара алады» деген пікірі үлкен философия. Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді» – дей келіп, атажұртымыз – Қазақстан басшысының мұндай пікірі түркі бірлігін арттыра түсетінін жеткізді. Себебі, тамыры бір түркітілдес халықтардың ортақ тарихы қасиетті қазақ жерінен басталатынын белгілі.
–Қазақстанның экономикалық жағынан дамуына және инвестициялық ахуалы туралы қандай жұмыстар атқарылуда? – «Азия Еуропа» журналының 41 санын Қазақстанның инвестициялық жағдайы және қолайлылығы инвестиция тартудың мүмкіндіктеріне арнағалы отырмыз. Болашақта Қазақстанға инвестиция тартудың мүмкіндіктері туралы жиі-жиі зерттеу жүргіземіз. Қазақстан дамудың өзіндік жолын қалыптастырған және қоғамның да инвестиция туралы түсінігі мол мемлекет. Уақыт өткен сайын Қазақстан әлемдік қауымдастықтың бір бөлігіне айналып келе жатқандықтан және мемлекет «Болашақ» бағдарламасы арқылы білімді жастарды шетелден оқытып инвестиция туралы жақсы пікір қалыптастыруда. ХХІ ғасырда инвестиция мемлекет дамуының негізіне айналды. Қазақстан инвестиция тартуға және инвесторлардың құқығы мен салық жеңілдіктерін қарастырған мемлекет. 2017 жылы елордада өткен EXPO-2017 Қазақстан әлемдік энергетикалық қауіпсіздік бойынша бүкіләлемдік бейбітшілік ұстанымдарын айқын көрсетті. Посткеңестік мемлекеттер ішінде әлемдік деңгейде мұндай әлемдік іс-шараны өткізу Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік болды. EXPO-2017 көрмесінің оң ықпалын Қазақстан болашақта молынан көретін болады. Сол EXPO-2017 тақырыбы: «Болашақтық энергиясы» деп аталды. Яғни, Қазақстан ішкі тұрақтылығы мен сыртқы бейбітшілік позициясын анықтап, өзіндік имидж қалыптастырып алғаннан кейін индустрияланған және баламалы энергияға назар аудара бастады. Қазақстанның ұстанған бейбітшілік саясатының арқасында инвесторлар да тартылуда. Олар келмес бұрын ол елдің ішкі және сыртқы тұрақтылығын, саясатын, имиджін әбден зерттеп, қарастырып алады. Сондықтан жоғарыдағы параметрлер бойынша Қазақстан оң көрсеткіштерге ие мемлекет. – Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан  Динара Мыңжасарқызы