Америкалық психиатр Рами Камински қазіргі қоғамда жиі талқыланатын интроверт пен экстраверттен бөлек, үшінші бір ерекше тұлға типі бар екенін айтты. Ол – «отровертер», деп хабарлайды turkystan.kz.
Каминскидің айтуынша, отровертер топтың ішінде өзін бөтен сезінеді, ешқандай ұжымға жатпайды. Дегенмен олар адамдармен жеке қарым-қатынаста өте мейірімді, сенімді әрі терең байланыс орната алады.
«Жай ғана айтқанда, отровертер ешбір топтың бір бөлшегі екенін сезінбейді. Бірақ олар достыққа бейім, жеке тұлғалармен жақын қатынас құруға қабілетті», – дейді ғалым.
Бұл сипат кейде әлеуметтік тұрғыдан қиын көрінуі мүмкін. Алайда Камински отровертерді шығармашылық қабілеті жоғары, еркін ойлайтын, ойлап табуға бейім адамдар қатарына жатқызады.
Тарихта белгілі отровертер қатарына ғалым Альберт Эйнштейн, суретші Фрида Кало, жазушылар Джордж Оруэлл, Франц Кафка және Вирджиния Вулф кіретіні айтылады.