Солтүстік Қазақстан облысында ер адам автокөлік шинасының жарылуынан қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Қайғылы жағдай автокөлік әуесқойы дөңгелекті үрлемек болған кезде орын алды.
Оқиға 15 қыркүйек күні таңертең Сергеевка қаласында болған.
«КамАЗ» автокөлігінің дөңгелегін үрлеу кезінде жоғары қысымнан шина жарылып, соның салдарынан 60 жастағы жүргізуші көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция өкілдері барлық мән-жайды тергеу анықтайтынын атап өтті. Белгілі болғандай, ер адам оқиға орнында ашық бас-ми жарақатынан көз жұмған. Шақыру бойынша келген жедел жәрдем бригадасы оның өлімін ғана тіркей алды.