Өзбекстан 575 азаматқа рақымшылық жарияламақ

Өзбекстан 575 азаматқа рақымшылық жарияламақ

Өзбекстан 575 азаматқа рақымшылық жарияламақ
ашық дереккөзі
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ораза айт қарсаңында рақымшылық туралы жарлыққа қол қойды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл жарлықпен мемлекет басшысы 575 азаматқа рақымшылық берді. Олардың ішінде 361 адам бостандыққа шығады, бұған қоса 214 азаматтың жаза мерзімі қысқартылды. Рақымшылық алғандар арасында 60 жастан асқан жеті адам, 6 әйел, бір шетел азаматы бар. Жарлықта жауапты министрліктер мен мекемелерге, сонымен бірге әкімшіліктерге рақымшылық алғандарға қоғамға сіңісу үшін көмек көрсету тапсырылған.