Қазақстандағы ЖОО білім алу қанша теңге тұрады?

Қазақстандағы ЖОО білім алу қанша теңге тұрады?

Қазақстандағы ЖОО білім алу қанша теңге тұрады?
ашық дереккөзі
Адам өміріндегі маңызды шешімдердің қатарында мамандық таңдау алғашқы орында болса, тиісінше, жоғарғы оқу орнын таңдау келесі қадамның бірі болмақ. Сондықтан келесі қадамға аяқ баспай тұрып, мектеп бітіруші түлек білім ордасын дұрыс таңдай алуы керек. Университетті таңдауда қандай факторларға назар аудару қажет, Қазақстандағы қандай жоғарғы оқу орындары бар? Бұл сұраққа бүгін толықтай зерттеу жасап, анықтайтын боламыз. Еліміздегі ең қымбат жоғарғы оқу орны Астанадағы Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті. Онда оқу ақысы – 650 мың мен 710 мың теңге аралығын құрайды. Қазір мұнда 168 мамандық бойынша 16 мың студент білім алуда. Оқу орнында 13 факультет бар. 2017-2018 оқу жылында Қазақстанда 496,21 мың студент білім алды ҚР Ұлттық Экономика Министірлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша. Өткен оқу жылымен салыстырғанда еліміздің жоғары оқу орындарында білім алушылар саны 19,14 мың адамға немесе 4% - ға артты, алайда он жыл ішінде көрсеткіш 30,8% - ға немесе 220,84 мың адамға қысқарды. UNESCO деректеріне сүйенетін болсақ, шетелдегі қазақстандық студенттер саны керісінше 2007 жылы 32,14 мың адамнан 2017 жылы 89,66 мыңға дейін өсті. Бүгінде Қазақстанда 122 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Соңғы он жылда кейбір себептермен 45 мекеме жабылды. Аталған жоғарғы оқу орындарын талапкер қалай ажырата алады? Қандай жаңашылдыққа назар аударуы керек? Біріншіден, талапкер қай өңірде білім алғысы келетінін шешіп алуы тиіс. Әрбір адамның бала кезден армандап, осы жерде оқимын-ау деген тілегі болады. Мысалы, бала кезімнен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін үлгі тұтып, алдыма мақсат етіп қойған едім. Сол арманым орындалып, бүгінгі таңда оқу ордасында әлі де студентпін. Мәселен, жоғары оқу орындардың үштен бірі Алматыда шоғырланған. Атап айтар болсақ, Алматыда 40 жоғарғы оқу орны бар. Олардың 10–ы мемлекеттік, 30–ы жеке меншік. 13 жоғары оқу орны Нұр-Сұлтанда , 12 – Оңтүстік Қазақстан және 9-Қарағанды облыстарында бар. Қалған өңірлерде жеті ЖОО-дан кем емес. Әдетте, көптеген ірі ЖОО-лар басқа қалалардан келген студенттерді орналастыру үшін инфрақұрылымға ие. Сондықтан болашақ мамандықты таңдау басты міндет болып табылады. Кейбір оқушылар кім болғысы келетінін алдын ала жоспарлап, оқитын орнын да болжамдап қояды. Мамандықты қазіргі уақытта нарық талаптарына және жақын арадағы перспективаға сәйкес таңдау қажет. Таңдалған мамандық еңбек нарығында сұранысқа ие екеніне көз жеткізу керек. Қазіргі заманның жастары – цифрлық ұрпақ. Олардың өсуі технологиялармен тығыз байланысты. Әрине, болашақта ағылшын және бірнеше бағдарламалау тілін білетін ІТ мамандары сұранысқа ие болады. Адам баласы үнемі ізденісте болуы керек. Рейтинг әр түрлі жоғары оқу орындары түлектерінің бір мамандық бойынша кіріс деңгейі айтарлықтай дәрежеленетінін көрсетеді. Осылайша, ең жоғары жалақы ҚБТУ мен Қазақстан-Неміс университетінің түлектерінің арасында тіркелген. Осы параметр бойынша "Тұран" университеті, Қазақ технология және бизнес университеті мен Орталық Қазақстан академиясы аз балл алды. ҚР ҰКП рейтингі бойынша жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі бойынша "Атамекен" атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы көш бастап тұр. М. Тынышпаева, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті және ҚБТУ. ЖОО таңдауда ЖОО-ның бітірушіні жұмысқа орналастырудағы рөлі маңызды. Университет немесе академия өз түлектерін алға жылжытуға, өндірістік практикадан өтуге және т. б. көмектесетініне назар аудару қажет. Облыстың жұмыс берушілері мен мамандарының пікірінше, Қазақстанның ең беделді жоғары оқу орындары жоғарыда айтылған рейтингке сәйкес ҚБТУ, Атырау Мұнай және газ университеті, Сулейман Демирел атындағы Университет, Нархоз Университеті және халықаралық ақпараттық технологиялар университеті болды. Қаржылық құрамдауыш ЖОО таңдаудағы негізгі факторлардың бірі болып табылады. Әдетте, ірі қалаларда оқу қымбатқа түседі, өңірлерде диплом алу әлдеқайда арзан – Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқытудың ең төменгі және ең жоғары құны арасындағы айырмашылық 14 есеге жетеді (Kursiv Research рейтингіленетін 70 жоғары оқу орындарының арасында). Бүгінгі таңда Қазақстандағы ең қымбат жоғары оқу орны КИМЭП болып отыр, жаңа оқу жылында институтта бір кредиттің бағасы барлық мамандықтар бойынша 71 900 теңгені құрайды, студент орта есеппен бір жыл ішінде 30 кредитті игеруде,нәтижесінде ЖОО-да оқу құны 2 млн теңгеден сәл артық болады. ҚБТУ-да бір жыл білім алу үшін мамандығына байланысты жылына 1,45 млн-нан 2 млн теңгеге дейін, екі дипломды білім алу үшін қосымша халықаралық емтихандарды тапсыру қажет. Ең қымбат ЖОО үштігін Алматы менеджмент университеті жабады, мұнда жылдық оқыту 700 мыңнан асады. ағылшын тілінде әр түрлі мамандықтар бойынша оқу жылына 1,5 млн теңгеге дейін болады. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде оқу жылына шамамен 900 мың теңге, Қазақстан-Неміс университетінде барлық мамандықтар бойынша 1 курс 850 мың теңге тұрады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқу жылына 619,5 мың теңгеден 1,07 млн теңгеге дейін сараланады. 2017-2018 оқу жылында 400 мың теңгеден 1,25 млн теңгеге дейін білім алған Сүлеймен Демирел атындағы Университет рейтингісін жалғастыруда. С. Д. Асфендияров атындағы 1 курс оқу 1 жылға 770,1 мың 847 мың теңгені құрайды. Еліміздің ең қымбат университеттерінің ондығына Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы кіреді. Жылдық оқу құны 600 мыңнан 1 млн теңгеге дейін.

Сания МУХАМЕТКАЛИЕВА