Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді

Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді

Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Тараз қаласында өндіріс және мәдени орындарда болып, облыс жұртшылығымен, еңбек ұжымдарымен, жастармен кездесуі жоспарланған», - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесуі барысында мал ұрлығымен күресті күшейту қажеттігіне назар аударды. Бұл жайында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды.  width=Жамбылдағы тарихи орындар - халқымыз үшін ортақ мәдени құндылықтар ҚР Президенті Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысымен кездесті Қазақстан Президенті Бас прокуратура алдына бірқатар міндеттер қойды «Облыстағы қылмыс көлемін азайту керек. Қазақ амандасқанда «Мал-жан аман ба?» деп жөн сұрасқан. Дегенмен, соңғы кезде қорадағы малын таппай қалатын азаматтар көбейіп барады. Өткен жылы елімізде 5,5 мың мал ұрлығы тіркелген. Ұрлық жақсылыққа апармайды! Бұған тыйым салу керек! Адал еңбек етіп, күнін көріп отырған малшыларды қорғауымыз қажет! Заңды қатайтып, қылмыскерлерді сыбайластарымен қосып, қатаң жазалау керек», - деп атап өтеді Мемлекет басшысы. ҚР Президенті еліміздің Ішкі істер министрлігі қызметкерлерімен кездесуде осы мәселеге қатысты нақты тапсырмалар бергенін, сондықтан, әкімдіктер мен жергілікті полиция барымтаға қарсы шұғыл шаралар қабылдауы тиістігін баса айтты. «Қылмыстық кодекске тиісті өзгертулер енгізу қажет. Парламент депутаттары осы бастаманы қолдап, мәселенің оң шешім табуына атсалысады деп сенемін», - деп атап өтіт қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы облыстағы келесі өткір мәселе - есірткі қылмысының ушығуы екендігіне назар аудартты. «Бұл - бүкіл қоғамды алаңдатқан өзекті мәселе. Өкінішке қарай, қазіргі озық технология дамыған заманда «есірткі бизнесінің» дәурені жүріп тұр. Есірткі сататын «астыртын» жарнамалар қаптап кетті. Тіпті, арнайы сайттар ашылған. Бұл, ең алдымен, жастардың санасын және денсаулығын улайтын кесел.  Мұны тоқтату қажет! Жол бермеу керек! Заң жүзінде тосқауыл қоюымыз аса маңызды! Есірткі сатуды кәсіпке айналдырған қылмыскерлер қатаң жазалануы керек!  Полиция қызметкерлеріне осы мәселе бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырамын», - деді Қ.Тоқаев.