28 Мамыр 2019, 12:06 715 0 Жаңалықтар Túrkistan Gazeti

Кене шаққан бала ауруханаға түсті

Өскеменде мектеп оқушысын кене шағып, бала ауруханаға түсті

 Өскеменде мектеп оқушысын кене шағып, оның ауруханаға түскендігі жайлы респубилкалық БАҚ өкілдері жазды. Облыстық денсаулық басқармасының мамандары баланың ахуалы жақсы екенін жеткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі: «Қазіргі таңда баланың жағдайы бірқалыпты. Бүгін ауруханадан шығарамыз. Кене шамамен сәуір айының соңында шаққан. Екі аптадан кейін баланың температурасы көтеріліп, басы ауырған. Осыдан кейін жедел жәрдем шақырылып, бала стационарлық емдеуде 12 күн жатқан», – деп хабарлайды.

Басқарма спецификалық терапия жүргізілгенін және баланың жүйке жүйесі ешқандай ақаусыз сауығып келе жатқанын хабардар етті.

Соңғы жаңалықтар