337
Нұр-Сұлтандағы әуежайдың бас есепшісі пара бергені үшін ұсталды
Нұр-Сұлтандағы әуежайдың бас есепшісі пара бергені үшін ұсталды
Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайдың бас есепшісі пара бергені және қаражат жымқырғаны үшін ұсталды. Бұл туралы ҚР МҚІСЖҚК қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин Нұр-Сұлтан қаласында өткен баспасөз-конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz арнасы.
«Елордалық әуежайдың бас бухгалтері Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің лауазымды тұлғаларына 16 миллион теңге сомасындағы пара беруде және іс жүзінде жоқ шарттар мен жұмыстар бойынша жалған шот-фактураларды шығарумен айналысатын 23 фирманың есеп айырысу шоттарына аудару арқылы акционерлік қоғамның 1,3 миллиард теңгедан астам сомадағы ақша қаражатын жымқыруда күдікті деп танылуда. Залал аудиторлық тексеру тұжырымымен расталды», – деді Бердалин.
Арман Бердалиннің мәліметінше, қазіргі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының елордалық департаментімен аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот санкциясы бойынша күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Тергеу шаралары жалғасуда.