24 Мамыр 2019, 14:39 566 0 Қоғам Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

АҚШ Джулиан Ассанжға қосымша айып тақты

Америка Құрама Штаттар Джулиан Ассанжға 17 тармақ бойынша қосымша айыптар тақты. WikiLeaks негізін қалаушы құпия ақпаратты заңсыз жариялады деп айыпталады.

Осыған дейін Вашингтон Ассанжды Пентагонның компьютерлік желісін бұзбақ болды деп айыптаған. Бұл жаза бойынша ең көп дегенде бес жыл түрмеде отырады. Жаңа айыптың жазасы өте қатал, соның негізінде оны Ұлыбританиядан АҚШ-қа экстрадициялауы мүмкін.

Ассанж 2012 жылы Эквадордың Лондондағы елшілігін паналаған. Сәуір айында Эквадор билігі Ассанжға пана беруден бас тартып, оны британ билігіне тапсырған. Ол енді кепілдік беріп бостандыққа шығу тәртібін бұзғаны үшін 50 апта түрмеде отырады. Бұдан бөлек оны АҚШ-қа экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр. Швеция билігі де осындай талап қойды.

WikiLeaks Швецияда істің қайта қозғалуын "саяси қысым" нәтижесі деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар