ҰСТАЗ АҚЫН – ҰЛАҒАТТЫ ТҰЛҒА 

 ҰСТАЗ АҚЫН – ҰЛАҒАТТЫ ТҰЛҒА 

 ҰСТАЗ АҚЫН – ҰЛАҒАТТЫ ТҰЛҒА 
ашық дереккөзі
Қарасай аудандық орталық кітапханасында осы ауданға қарасты Көліащы аулының тұрғыны, ақын Мақсат Әлсейітовпен шығармашылық кездесу кеші өтті. Кездесуге БАҚ өкілдері, мұғалімдер, кітапхана қызметкерлері мен мектеп оқушылары қатысып, әдебиет пен өнер, білім мен тәрбие туралы ақынның ойларын тыңдады.  width= Кездесуде ақын Мақсат Әлсейітов қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, лирикалық өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ Қарасай ауданындағы Ы.Алтынсарин, Көліащы орта мектептерінің оқушылары ақын жырларынан үзінді оқып, кеш иесіне құрмет көрсетті. Кездесуге қатысқан республикалық белді басылымдарда қызмет атқарған белгілі журналист Қалбай Әділ, Қарасай аудандық «Заман жаршысы» газетінің бас редакторы Атлана Исаева, т.б. сөз сөйлеп, ақынның шығармашылығы туралы ойларын айтты.  width= Кеш соңында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетіп, ән мен күйден шашу шашты. Мақсат Әлсейітов 1965 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді ұстаз. Жастайынан әдебиетпен айналысып, өлеңдер, мақалалар жазып келеді. Сондай-ақ түрлі деңгейдегі айтысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болған. 2013 жылы Астана қаласында өткен «Жарқыра, жайна, Астана!» атты жыр мүшайрасында жүлделі үшінші орын алған. 2015 жылы «Атажұрт» баспасынан «Жетімсайдың бойында жетім ауыл» атты өлеңдер мен поэмалар жинағы басылып шықты.