__Басты слайдер__МаңыздыЖаңалықтар

Киіктер төлдеп жатыр

ҚР АШМ Орман шаруашылық және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Қазақстандағы киіктердің төлдеп жатқанын жеткізді.

«Қазақстанда киіктердің төлдеуі басталды. Алғашқы құралайлар туды. Киіктерде «бэби-бум» мамырдың соңына дейін жалғасады. Орман шаруашылық және жануарлар әлемі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумағының қызметкері Арман Ізімғалиев далада киіктердің фельдшері секілді жұмыс жүргізеді», – деп хабарлады Сәкен Ділдахмет.

Жуырда Қостанай облысында киік санағы жүргізілді. Мамандардың айтуынша ақбөкендер осы жылы аман-есен төл өрбітсе, олардың саны айтарлықтай артатын көрінеді.

Back to top button