Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлі
ашық дереккөзі
259
Жиырмасыншы ғасырдың аяқ тұсында қазақ халқына тарихи мүмкіндік беріліп, ата-бабаларымыздың арманы болған Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен өткен жиырмадан астам жыл ішінде демократиялық принциптерге ден қойған, өзіндік саяси-әлеуметтік жүйесі бар, экономикасы нарықтық сипаттағы, халқының ынтымағы мен дінаралық түсіністігі жарасқан тәуелсіз мемлекет орнаттық. Мұндай әлем мойындағын, саяси жағынан тұрақты, экономикасы бәсекеге қабілетті, демократиялық ұстанымдарға бағыт алған қоғам орнатып, қалыптастыру жолында Елбасымыздың тікелей жетекшілігімен еліміздегі саяси жүйені мемлекеттік құқықтық жағынан негіздеу мақсатында құқықтық реформа батыл түрде жүргізіліп, сот, прокуратура және ішкі істер органдары туралы халықаралық нормаларға сай келетін заңдар мен нормативтік құқықтық актілер, қаулылар қабылданып, жарлықтар шығарылды. Біздегі барлық құқықтық құжаттар мен заңдар өзінің қайнар бұлағын бүкіл тыныс-тіршілігінің тірегі саналатын Ата заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясынан алып, соның принциптері мен нормаларына сүйенеді. Тәуелсіз Қазақстаннның тұңғыш Конституциясы 1993 жылы қабылданып, оның 11-баптан тұратын 16-тарауы соттарға, ал 3-баптан тұратын 17-тарауы прокуратура органдарына арналды. 1995 жылғы Конституцияның мәтінін әзірлеуде Президентіміздің еңбегі мен қосқан үлесі зор болған. Жұмыс барысында Елбасымыз 20-дан астам елдің конституцияларын мұқият қарап шығып, комиссиялық жұмысшы топқа қажетті тұстарын ескерту түрінде ұсыныс жасаған. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша Қазақстан Республикасы-ның 30.08.1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституциясы әлімдік талап пен өлшемдерге сай келеді. Конституциямыздың 1-бабы «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп басталады. Мемлекетіміздің құқықтық саясатының маңызды мәселесі азаматтардың Конституция кепілдік беретін құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру болып табылады. Біздің айтып өткеніміз тәуелсіз Қазақстанның қысқаша құқықтық өмірбаяны. Кейде жеке тұлғалар қандай да бір елдің тарихында елеулі де шешуші рөл атқарады. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының іргетасын қалап, қалыптастырып, саяси-әлеуметтік әлеуеті мықты, әлем таныған, демократиялық принциптер мен құқықтық деңгейге бағыт алған мемлекет етуде жасаған қызметі мен сіңірген еңбегі орасан зор!

Алматы қаласы Алатау аудандық сотының судьясы

Айкулов Даурен Сансызбайұлы

Серіктес жаңалықтары