28 қарашада доллар, еуро және рубль қанша теңгеден сатылып жатыр?

/
28 қарашада доллар, еуро және рубль қанша теңгеден сатылып жатыр?
istockphoto

28 қарашада Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының теңгеге шаққандағы бағамы жарияланды.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, елордадағы айырбастау пункттерінде доллар 453 теңгеден сатып алынып, 460 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 496 теңге, сату бағамы – 506 теңге. Ал рубль 5,20–5,40 теңге аралығында саудалануда. Юань 67,72 теңгеден сатып алынып, 71,70 теңгеден сатылуда.

Алматыда доллардың сатып алу бағамы 457,42 теңге, сату бағамы 459,80 теңге болды. Еуро 500 теңгеден сатып алынып, 504,38 теңгеден сатылып жатыр. Рубльдің бағамы 5,25–5,36 теңге аралығында. Қытай юані 67,21–69,59 теңге аралығында саудалануда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары