Азия даму банкі мен ForteBank бірлесіп, кәсіпкерлікті дамытуға 31 млрд. теңге жұмсамақ

Азия даму банкі мен ForteBank бірлесіп, кәсіпкерлікті дамытуға 31 млрд. теңге жұмсамақ

Азия даму банкі мен ForteBank бірлесіп, кәсіпкерлікті дамытуға 31 млрд. теңге жұмсамақ
ашық дереккөзі
ForteBank Азия даму банкінен қаражат тарту арқылы Шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру бағдарламасының қатысушысы болды. Бұл бағдарлама Қазақстан кәсіпорындарын тиімді шарттармен белсенді несиелендіруге көмектеседі. Азия даму банкі ForteBank-ке 31,320 млрд. теңге көлемінде қарыз берді. Бұл қаражатты қаржы институты 2019 жылдың 2 қарашасына дейін игеріп, кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағыттайды. Несиенің мақсаты негізгі құралдарды сатып алу және жаңғырту, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыру болып табылады. "Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту – ForteBank үшін маңызды бағыттардың бірі. Бүгінде біз Даму, сондай-ақ Еуропа қайта құру және даму банкімен табысты ынтымақтастықта жұмыс істейміз және бұл жұмысты Азия даму банкімен қаржыландыру бойынша жалғастыратынымызға қуаныштымыз. Бұл қаржы ұйымдары бірнеше онжылдықтың өзінде көптеген банктер үшін сенімді әрі білікті серіктес бола отырып, өңір экономикасының өсуіне серпін берді", – деп атап өтті ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.  width= Бағдарлама бойынша қарыздар жылдық 12,5 пайыздан бастап сыйақы мөлшерлемесімен 1 млрд. теңгеге дейінгі сомаға беріледі. Мерзімі – 84 айға дейін, несие желісі аралас болуы мүмкін. Егер бағдарлама барысында қаржыландыру Азия даму банкінің қаражатының есебінен жүрсе, онда ол аяқталғаннан кейін тұтынушыларды ForteBank тікелей қолдайтын болады. "Бизнестің Жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша басым секторлар шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау маңызды басымдыққа ие болады. Бірінші кезекте бұл өңдеу өнеркәсібі, металлургия, өндірістің әртүрлі саласындағы жобаларға жатады.

Асхат РАЙҚҰЛ