26 Сәуір, 14:26 414 0 Білім Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Курсанттар арасындағы халықаралық олимпиада аяқталды

Қазақстанда ТМД қатысушы мемлекеттердің жоғары әскери білім беру ұйымдары курсанттарының математика пәні бойынша халықаралық олимпиадасы аяқталды.
Сайыс қорытындысы бойынша жалпыесептік көрсеткішпен Ресей Федерациясы курсанттарының командасы жеңіске жетті. Екінші орынды Қазақстан командасы иеленсе, үшінші орын – Өзбекстан Республикасының курсанттарына берілді.
Жеті елден келген курсанттар өздерінің математикалық қабілеттерін көрсетіп, күрделі инженерлік есептерді тиімді әдіс-тәсілдерімен шығарудағы жүйріктікпен көзге түсті.
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты бастығы полковник Асқар Мұстабековтың айтуынша мұндай халықаралық дәрежедегі олимпиадалар мемлекет пен қарулы күштері арасындағы серіктестікті нығайта түседі.

- Әр қатысушы басты марапатқа, яғни бұдан ары қызмет барысында қажеттіліктеріне жарайтын білім мен тәжірибеге қол жеткізді деп ойлаймын, деп атап өтті ол. Естеріңізге сала кетсек, «Математика» пәні бойынша Халықаралық Олимпиада елімізде үшінші рет қатарынан өткізіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар