УКРАИНА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАДЫ

26 сәуір – «TÚRKISTAN» weekly. Орыс тілінің халі қандай болмақ? Украинаның Жоғарғы Радасы бейсенбіде украин тілін мемлекет тіл ретінде бекіткен заң қабылдады. Заң әрбір азаматты украин тілінде сөйлеуге міндеттейді және белгілі бір тілдерді, соның ішінде орыс тілін пайдалануға тыйым салады. Бұл туралы BBC агенттігінің орыс қызметтік бөлімі жазды.

Құжат украин тілін Украинадағы жалғыз мемлекеттік және ресми тіл ретінде анықтайды. Заңда орыс тілі туралы ештеңе айтылмаған, бірақ ағылшын тілі туралы 18 рет ескертілген.

Заңды жақтаушы, Рада спикері Андрей Парубий аталған құжатты талқылау барысында «украин тілін қорғау – елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтау» деді.

«2014 жылы орыс танкілері орыс тілі көп пайдалынып жүрген Украин жеріне кірді. Украин тілі – украиндық мемлекеттің негізі, украин тіліндегі заң – украиндар өздерін құрметтейтіндігінің көрінісі», – деді парламент депутаты Виктория Сумар.

Ал депутат Вадим Новинский бастаған оппоненттер тобы бұл заң елдің бірлігін қашырып, тыныштығын бұзады, сондықтан құжатты қарауға үш жылдық мораторий қажет екенін айтты.

Back to top button