Владимир Путин Ким Чен Ынмен кездесті

Владимир Путин Ким Чен Ынмен кездесті

Владимир Путин Ким Чен Ынмен кездесті
ашық дереккөзі
490
26 – сәуір. «TÚRKISTAN» weekly. 25 сәуір күні Ресей президенті Владимир Путин мен КХДР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ким Чен Ын Владивостокта кездесу өткізді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. РФ президенті мен КХДР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы үш жарым сағат бойы келіссөз өткізді. Ресей президенті мен КХДР көшбасшысы ядролық қарусыздандыру, өңірлік ынтымақтастық, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынасты дамыту мәселелерін талқылады. Ким Чен Ын Владивостокқа 24 сәуірде жеке пойызымен келген. Оны Приморье губернаторы Олег Кожемяко, РФ СІМ басшысының орынбасары Игорь Моргулов, КХДР-дағы РФ елшісі Александр Мацегора күтіп алды. Бұл – Ким Чен Ынның Ресейге алғашқы сапары. Ресей басшысы КХДР көшбасшысымен болған келіссөз туралы Қытай және АҚШ басшылығына хабарлайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Ким Чен Ын да сұраған. РФ Президенті 2002 жылы Владивостокта қазіргі КХДР көшбасшысының әкесі Ким Чен Ирді қабылдағанын еске алып, Ресейде оған үнемі үлкен құрмет көрсетілгенін атап өтті. Владимир Путин қабылдау кезінде Корей түбегіндегі ядролық мәселелерді бейбіт түрде шешудің балама жолы жоқ екенін мәлімдеді. Ким Чен Ын өз кезегінде Владимир Путинмен кездесудің екіжақты байланысты дамытып, Корей түбегін реттеуге ықпал ететініне үміттеніп отыр. Ким Чен Ын келіссөзден кейін Владимир Путинге корей қылышын сыйға тартты. Владимир Путин мен Ким Чен Ын кездесуіне 300-ден астам журналист аккредитацияланды. Олардың арасында Қытай, Оңтүстік Корея және Жапония өкілдері бар.

Серіктес жаңалықтары