Сұлтанов бас қаланың  даму барысын таныстырды

Сұлтанов бас қаланың  даму барысын таныстырды

Сұлтанов бас қаланың  даму барысын таныстырды
ашық дереккөзі
Қазақстанның елордасы құрылғанына 20 жылдан енді ғана асса да өзінің әсемдігімен, заманауи үлгіде дамуымен ерекшеленіп, күллі әлемге танымал болған қала. Ал оның өсіп-өркендеуі – мемлекет имиджінің өсуіне де әсер ететіні анық. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Елбасына еліміздің бас қаласын дамыту, қала құрылысының одан әрі қалай жүретіні жөнінде нақты мәліметтер беріп, жоспарымен таныстырды. Қазақстанның Тұңғыш президенті елордалық тұрғындарға қолайлы жағдай жасаудың, әлеуметтік инфрақұрылымның қол жетімділігін қамтамасыз етудің маңызын естен шығармай, алдағы кезде қала құрылысын заманауи үлгіге сай жалғастыра беру керектігін айтты.  Бұл орайда Елбасы  Нұр-Сұлтан қаласын газбен қамту, көшелерін көгалдандыра түсу мәселесін де назардан тыс қалдырмау керектігін баса айтып, қала көшелеріндегі көлік тасқынын реттеу, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, экологиялық түйткілдерді шешу және Ботаникалық саябақты дамыту қажеттігіне тоқталды.

«Түркістан-ақпарат»