23 Сәуір 2019, 11:00 1274 0 Нұр Отан Túrkistan Gazeti

«Nur Otan» партиясының съезі басталды

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі басталды.

9 маусымда өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға партия атынан түсетін кандидаттың есімі бүгін белгілі болады.

Съезд жұмысына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламент палаталарының төрағалары Дариға Назарбаева мен Нұрлан Нығматулин,  Премьер-Министр Асқар Мамин, Үкімет мүшелері, депутаттар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, дипломатиялық корпус өкілдері, өңірлерден келген 627 делегат, жалпы 1500-ден астам адам қатысып отыр.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар