ҚазҰУ-да «Болашақ баcпагер-редактор, дизайнер» байқауы өтті

ҚазҰУ-да «Болашақ баcпагер-редактор, дизайнер» байқауы өтті

ҚазҰУ-да «Болашақ баcпагер-редактор, дизайнер» байқауы өтті
ашық дереккөзі
914
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультеті «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен, Алматы қалалық әкімдігінің және республикалық ақпарат құралдары мен Қазақстан баспагерлері мен полиграфистер қауымдастығының қолдауымен мектеп және колледж оқушылары арасында ХI Республикалық «Болашақ баcпагер-редактор, дизайнер» байқауы өтті. Қатысушылар екі сынақ бойынша жарысқа түсті. Бірі әдеби-замансөздік сынақ сынтезі болса, екіншісі безендік (дизайн) сынақ сынтезі. Жалпы, байқауға республиканың әр облысынан 100-ге жуық дарынды балалар қатысты. «Ең үздік дизайнер» номинациясы бойынша бас жүлдені қазақ тобынан Іле ауданы, №19 орта мектеп оқушысы Дүйсенбай Аружан, орыс тобынан Алматы қ. №56 гимназияның оқушысы Кшибекова Аружан есімді дарынды қыздар иеленді. Ал «Ең үздік баспагер-редактор» номинациясы бойынша бас жүлденің екеуі де Абашов Айбол (қазақ бөлімі), Есгелдиева Әсел (орыс бөлімі) Алматы полиграфиялық колледж студенттеріне бұйырды. Айта кетейік, аталған байқау ҚазҰУ-да жыл сайын өткізіледі. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып, озып шыққан дарынды жастарға ҚазҰУ гранты беріледі. Оған АПК студенттері мен 10-11(12) сынып оқушылары қатыса алады.

Серіктес жаңалықтары