ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛМАҚ КЕРЕК

ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛМАҚ КЕРЕК

ЖАҺАНДЫҚ  БӘСЕКЕГЕ  ҚАБІЛЕТТІ  БОЛМАҚ КЕРЕК
ашық дереккөзі
1481
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 2017 жылы Қазақстан халқына жолдауына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деген тақырып қойған еді. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік кез келген мемлекет үшін өзекті. Жыл сайынғы атаулы индекс үшін мемлекеттер барын салады. Нұрсұлтан Назарбаевтың «өзгеріс дауылы тұрғанда оған қарсы қорған емес, желкен тұрғызу керек» деп айтқаны көптің есінде. Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі орны жыл сайын жақсарып келеді. 2018 жылы 140 мемлекеттің ішінен еліміз 59 орынға жайғасты. Тиісінше 12 фактор бойынша өсім байқалған. Бұл ретте мамандар келер жылға нақты жоспарлар қойып, іс атқаруда. Бәсекеге қабілетті болу дамыған мына заманда оңайға соқпай тұр. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері бағытын айқындап, жүйелі жоспар қойғанымен де әлемде өз орнын иеленді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қиындықтарды болжап қана қоймай, ықтимал өзгерістерден мүмкіндіктерді қарастырды. Мұндай мүмкіндік Елбасының Үшінші жаңғыру жөніндегі міндет аясында көрініс тауып отыр. «Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді. Бұл – жаңа жаһандық болмыс, оны біз қабылдауға тиіспіз. Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет. Қазіргі кезде көптеген елдер осындай міндетті орындауға ұмтылуда. Өсімнің жаңа моделіне көшу тәсілі әр жерде әр түрлі екеніне сенімдімін», – деп Елбасы Н.Назарбаев атап өткен-ді. Елбасы жолдауында: «Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі» деп нақты бағыт-бағдар көрсеткен. Бұнда экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған негізгі бес басымдық қарастырылады. Бірінші басымдық – экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту. «Бүгінгі жаһандық дамуда бәсекеге қабілеттілік – ең басты қару. Цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге басымдықтар берілуде. «Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын», – деген Н.Назарбаевтың сөзі жер-жерде іс жүзінде жүзеге асуда. Елбасы Үкімет пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнестің барлық шығынын жаппай азайту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырған. Кәсіпкерлікке кедергі келтіретін құжаттардың мерзімі мен тізбесі қысқартылып, қайталанатын рәсімдер азайды. Үкіметке жүктелген тапсырмалар қатарында үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу белгіленді. «Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90 пайыз ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды. Бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет», – деді Н.Назарбаев. Аталған түйткілдердің түйіні шешілсе, де жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі жақсарады дейді мамандар.

Серіктес жаңалықтары