Астана-Щучинск тас жолында жан түршігерлік жол апаты болды

/
Астана-Щучинск тас жолында жан түршігерлік жол апаты болды
pexels.com

Ақмола облысында Астана-Щучинск автожолының 126-шақырымында Lada 2110 көлігінің қатысуымен жол апаты болды, деп turkystan.kz тілшісі NUR.KZ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, 4 мамыр күні болған оқиға салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. Тағы бір адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілген.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар