18 Сәуір, 14:55 390 0 Сыртқы саясат Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Кристин Лагард Өзбекстанға бармақ

Халықаралық қаржы қорының басшысы Өзбекстанға барады. Мамыр айының ортасында Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) директоры Кристин Лагард Өзбекстанға барады деп жазады РИА Новости өзбекстандық Орталық банк өкіліне сілтеме жасап.

Бұл ХВҚ өкілдерінің соңғы он жылдағы Өзбекстанға алғашқы сапары болмақ. Соңғы рет бұл елге 2009 жылы қордың сол кездегі басшысы Доминик Стросс-Кан барған.

2017 жылдың қыркүйек айында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Кристин Лагард Нью-Йоркте кездескен.

Өзбекстанның мемлекеттік салық комитетінде Халықаралық валюта қоры өкілі тұрақты кеңесші ретінде жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар