Жүрсін ЕРМАН: Қазақы қарасөздің ақиығы

Жүрсін ЕРМАН: Қазақы қарасөздің ақиығы

Жүрсін ЕРМАН: Қазақы қарасөздің ақиығы
ашық дереккөзі
1323
(Қалиға) Қалыңдап жолбарыстай жал-иығың, Алпысқа сен де келдің, Қали інім. Құрметтеп төбесіне көтереді ел, Қазақы қарасөздің ақиығын!   Тірілтіп тарихтағы сұр тастарды, Алпыста торламасын бұлт аспанды. Ол сенің қаламгерлік ұлы еңбегің, Азанда іздеп жүрсе жұрт «Ақшамды».   Мазалап нән қаланың сан сұрағы, Жігерің талантыңды қамшылады. Шығады шуақ шашып әр адамға, Шаһардың мың жасаған шамшырағы!   Шешіліп «Шал мен Шындық» сырласқанда, Қарап қой төбеңдегі нұрлы аспанға. «Ақшамның» айнасымен көрсетесің, Келбетін қоғамыңның кір басқанда.   Есігін қағып қазақ әр үйінің, Келесің қайыстай боп қанып иің. Замандас болғаныма қуанамын, Қаламдас жаны жайсаң Қали інім!  width=

Жүрсін ЕРМАН

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Серіктес жаңалықтары