16 Сәуір, 11:33 326 0 Білгенге маржан TURKYSTAN.KZ

Жастар жылындағы жаңа асулар

Театр өнері тазалықты, кіршіксіздікті  талап етеді. Театрда ойнау бір басқа, көрермендермен үңдестік табу бір басқа дүние. Сан түрлі тағдырларды, образдарды сомдап өмір көрінісін шағын ғана сахна төрінде тарқатып, шер толғау шеберлікті талап ететіні белгілі. Мықтылардың ішіндегі мықтыcы көрермендердің жүрегін тебірентіп, ыстық ықыласына бөлетіні заңдылық.

Театр өнерін насихаттау, сараптап саралау аса маңызды. Осы маңыздылықты ұғынған С.Аманжолов атындағы  Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бастамасымен жастар жылына орай Өскемен қаласында «Ұлы өнер – ұлт жаңғыруы» атты республикалық студенттік театрлар фестивалі болып өтті.

Мәдени шараға елміздің түкпір-түкпірінен келген 12 студенттер театры қатысып бақ сынады. Екі күнге созылған  дүбірлі додаға "Алтай" арнасының директоры Аида Жабағиева, Дидар газетінің тілшісі Мұратхан Кенжеханұлы, театртанушы Олжас Манапұлы, ШҚО драма театрының  көркемдік жетекшісі бастаған Сақан Долдиұлы қазылық етіп жүзден жүйрік,  мыңнан тұлпар анықталды.

Бас жүлде Нұрфат Вахитов жетекшілік еткен   Нұр-Сұлтан қаласының С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Ақ желкен» театрына берілсе,  1 орын  Ғалия Темірбаева жетекшілік еткен Талдықорған қаласының  І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Жас түлек»  театрына  табысталды. Ал 2 орынды Жансерік Садықов жетекшілік еткен Гумилев атындағы  Еуразиялық ұлттық университетінің «Шаңырақ» театры және Майра Әлімбекова жетекшілік еткен Тараз мемлекеттік педагогикалық университенің «Жансарай» театрлары қанжығалады. 3 орын  Айман Ақтанова жетекшілік еткен Шәкәрім атындағы  Семей мемлекеттік университетінің «Қарагөз» драма театрына сондай-ақ Жәмила Қайыпберді жетекшілік еткен Алматылық Тұран университенің «TeArt Turan» театрына және де Тараз инновациялық гуманитарлық университінің «ТИГУ Жастар театры» театрына бұйырды.

Сондай-ақ ақ, үздік әртістерге аталымдар бойынша дипломдар табысталды: "Үздік ер адам рөлі" аталымы бойынша С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлектеттік Университеті   Жумабайев Жүрсін Өскемен қаласы Шабыт театры иеленсе "Эпизотдағы үздік ер адам рөлі "  бойынша   Нұрәлі Нұрболатұлы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Нұр-Сұлтан қаласы "Zhas Star" театры қанжығалады.. Сейдалиева Гүлбибі "Эпизотдағы үздік әйел адам рөлі" С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлектеттік Университеті Өскемен қаласы Шабыт театры лайық деп танылса   Баян Санатқызы "Үздік әйел рөлі" Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Нұр-Сұлтан қаласы "Zhas Star" театрына бұйырды. Жастар жылы аясында өткен театр фестивалінде жастар  жаңа асуларды бағындырды.

 Қабдуәли Сәулет

Соңғы жаңалықтар