Қырғызстан президенті Германияға барды

Қырғызстан президенті Германияға барды

Қырғызстан президенті Германияға барды
ашық дереккөзі
14 сәуірде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков ресми сапармен Германияға барды. Қырғыз президенті баспасөз қызметі хабарлағандай, 15 сәуірде Мюнхенде Сооронбай Жээнбеков Бавария мемлекеттік канцеляриясы басшыларымен кездеседі. Онда сонымен бірге қырғыз-неміс кәсіпкерлерінің бизнес-форумына қатысады. Мұнан бөлек «Pellmeyer» ауыл шаруашылығы кәсіпорнына барып, отандастарымен кездеспек. 16 сәуірде Берлинде қырғыз президентінің Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және канцлер Ангела Меркельмен кездесуі жоспарланған. Сонымен бірге Бундестаг президенті Вольфганг Шойблемен де кездеседі деп күтіледі. Екі елдің келіссөз қорытындысы бойынша Сооронбай Жээнбеков пен Ангела Меркель баспасөз алдына шығып, мәлімдеме жасамақ.