Батпандап кіріп, мысқылдап шығар дерт...

Батпандап кіріп, мысқылдап шығар дерт...

Батпандап кіріп, мысқылдап шығар дерт...
ашық дереккөзі
528
12 cәуір – «TÚRKISTAN»  weekly.  Қасым-Жомарт Тоқаев: Кейбір әкімдер мен министрлер бюджетке «таусылмайтын қоржын» ретінде қарайды. Сондай-ақ, Маңғыстауға сапары барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жемқорлық, бұл – батпандап кіретін, мысқалдап шығатын дерт. Осындай дертке қарсы мықты дәрі қолданбасақ, одан арылу мүмкін емес. Сондықтан, біз тиісті іс-шараларды одан әрі жүзе асыра береміз», – деп атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бізде тиімсіз шығындар көп. «Біздің кейбір әкімдеріміз бен министрлеріміз бюджетке «таусылмайтын қоржын» ретінде қарайды», – деді Мемлекет басшысы. Президент сонымен қатар, кәсіпкерлерді қолдауға қатысты пікір білдірді. «Адал еңбегімен табыс табатын кәсіпкер – мемлекеттің тірегі. Ол халықты жұмыспен қамту арқылы әлеуметтің әл-ауқатын арттыруға үлес қосады. Сондықтан, шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолдау көрсету қажет», – деді Қ.Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары