333
Ким Чен Ын КХДР басшысы болып қайта сайланды
Ким Чен Ын КХДР басшысы болып қайта сайланды
12 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly. КХДР Жоғарғы халықтық кеңесі (біртұтас парламент) жақында өткен сайлаудың бірінші сессиясында Ким Чен Ынды Мемлекеттік кеңестің төрағасы етіп қайта сайлады. Бұл туралы РИА Новости Оңтүстік Корейлік Ренхап агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сайлау қорытындысы КХДР орталық радиосында бүгін таңертең жарияланды.
Сондай-ақ, елде жаңа премьер-министр тағайындалып, конституциясына өзгертулер енгізілген. Қайта қаралған КХДР конституциясының мазмұны әлі белгісіз.
Ким Чен Ынның жасы 35-те, Оңтүстік Корей Демократиялық Республикасын 2016 жылдан бері басқарып келеді.