Айға ұшқан "Берешит"

Айға ұшқан "Берешит"

Айға ұшқан "Берешит"
ашық дереккөзі
330
BBC: Израильдің Айға ұшырған алғашқы аппараты «Берешит» Жердің табиғи серігіне қонарда сәтсіздікке ұшырады.  Аппарат Фалкон-9 зымыранының көмегімен 22 ақпан күні ұшырылған. Ол бұған дейін Айға жіберілген аппараттардың ішіндегі ең шағыны: диаметрі 2 метрге жуық, салмағы 600 келі. Аппарат Айға Израильдің тәуелсіздік туралы декларациясын, гимнін, әртүрлі фотосуреттерді де жеткізді. Израильдің қазіргі премьер-министрі Биньямин Нетаньяху аппараттың сәтсіздікке ұшырағаны туралы пікірін білдіре отырып, Израиль бірнеше жылдан кейін Айға аппарат ұшыруға қайта кірісетінін жеткізді. «Егер алғашқыда сәтсіз болса, кейін тағы да әрекет етіп көреміз», – деді премьер. Айта кетейік, Израильдің аппараты жекеменшік қаражат есебінен ұшырылған. Оның бюджеті де осыған ұқсас басқа жобаларға қарағанда әлдеқайда ықшам: 100 млн доллар.

Серіктес жаңалықтары