БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК ИНДЕКСІ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК ИНДЕКСІ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК ИНДЕКСІ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
ашық дереккөзі
785
Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторларын жақсарту жөнінде жыл сайын іс-шаралар жоспарланып отырады. 2018-2019 жылға арналған «Еңбек нарығының тиімділігі» факторы бойынша бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда. «Жұмысшы мен жұмыс беруші қарым-қатынасындағы әріптестік» индикаторын мамандар проблемалық индикатор деп бағамдайды. Өйткені ағымдағы көрсеткіш 68 болса, бұған дейінгісі 60 орын. Әлеуметтік әріптестікті күшейтуге байланысты бірқатар шаралар қабылданды. Соның бірі әлеуметтік әріптестікті, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Республикалық үш тарапты комиссия отырыстарын өткізу. 2018 жылдың 11 маусымында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып табылатын Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Аталған кездесуде еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері, 2018-2020 жылдарға арналған еңбек дауларын алдын-алу және шешу жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобалары, кәсіподақ ортасындағы жағдай және басқа да бірқатар мемлекеттік органдарға нұсқаулар берілген мәселелер талқыланды. Кәсіподақ қызметімен, сондай-ақ халықаралық еңбек нормаларын орындаумен байланысты қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу сапасын арттыру мақсатында кәсіподақ қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру де күн тәртібінен түскен емес. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыс та жетерлік. Жол картасын орындау барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік одақтардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын ҚР Үкіметіне енгізу жоспарланған. Берілген шаралар шеңберінде кәсіп-одақтардың қызметін реттейтін ұлттық заңнамаға ұсынылған түзетулер| талқыланды, сонымен қатар, халықаралық тәжірибеге шолу қарастырылды. Сонымен қатар, Тұжырымдама мен «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсіптік одақтардың қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу бойынша 2018 жылғы 16 қарашада жұмыс тобының отырысында  заңнамаға түзетулер қарастырылды. Өткізілген шаралар қорытындысы бойынша негізгі ұстаныммен келісілгеннен кейін заң жобасы дайындалып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарастырылуға енгізіледі.

«Түркістан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары