279
ӘНШІНІ СОТ АҚТАДЫ. НЕГЕ?
ӘНШІНІ СОТ АҚТАДЫ. НЕГЕ?
Осыдан біраз бұрын белгілі әнші-сазгер бұдан бұрын алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Бүгін Алматы қаласында әншінің ісіне байланысты өткен аппеляциялық сотта Гауһар Әлімбекова Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлімінің 2-тармағымен тағылған айып бойынша кінәсіз деп танылып, іс-әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты қалалық сот төрағасы Нұрғазы Әбдіханов тың үкімімен ақталып шықты.
сурет © Tengrinews.kzГауһар Әлімбековаға байланысты істің басты айыпкері болып саналған және өз кінәсін мойындап, Әлімбекованың қылмысқа қатысы жоқ екенін айтқан Феруза Ордабаеваға сот тарапынан 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды. Дегенмен рақымшылық заңына байланысты оған кесілген жаза мерзімі екі есеге қысқартылды. Өзіне жала жабылғанын айтып, әділдік іздеген Гауһар Әлімбекованың ісіне осылайша заң жүзінде нүкте қойылды. Ол – "Ақ келін", "Көктемге хат", "Жас келін", "Қыз сезімі", "Оралшы махаббат" секілді халық арасына кең танылған әндердің авторы.