11 Сәуір 2019, 14:03 1437 0 Сыртқы саясат Ахмет ӨМІРЗАҚ

ҰЛЖАН – ӨЗБЕК ЕЛІНДЕ ӨТКЕН ЖЫРШЫЛАР ФЕСТИВАЛІНІҢ БАС ЖҮЛДЕСІН АЛДЫ

Орталық Азия елдері тәуелсіздігін алғалы бері ұлттық өнерді қайта жаңғыртып, ұлттық музыка мәдениетін дамытуға жаңаша серпін беру мақсатында көптеген мәдени шаралар ұйымдастырып келеді. Бұған елімізде және көрші түбі бір түркі елдерінде болып жатқан түрлі іс-шаралар дәлел.

Өзгелермен бірге бұл үрдіске өзінше өзбек елі де үлес қосып келеді. Мәселен бұдан көп жыл бұрын түркілік ғана емес, жалпы шығыс халықтарына арналып, Самарқанд қаласында ұйымдастырылып келген «Шарх тароналари» (Шығыс саздары) атты өнер фестивалі біраз жыл бойы тұрақты түрде өткізілген-ді. Енді соған жаңаша өң беріп, өзбек елі биылдан бастап халықаралық жыршылық өнері фестивалін өткізуді бастады.

2018 жылдың 1 қарашасында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің бұйрығымен «Халықаралық бақсылық (жыршылық) өнер фестивалін өткізу» туралы қарар қабылданған-ды. Сол негізде өтетін алғашқы фестиваль өткен аптада басталды.

Термез қаласында осы жылдың бесінші сәуірінде ашылып, бес күнге созылатын алғашқы фестивалға 74 мемлекеттен 160-тан аса өнер иелері қатысты. Бұл мәртебелі өнер додасында Сыр бойы жыраулық мектебінің өкілі, атақты Бидас Рүстембековтің шәкірті, жырау Ұлжан Байбосынова бас жүлде алып, ұлттық өнеріміздің абыройын асқақтатты.

Ахмет ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар